• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

4 марта, 2024 Қоғам

Қ. Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл   

             

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

«Қымбатты менің достарым, Жезқазғандықтар!  Ежелгі жақын жолдастар! Сіздермен бірге біз Жезқазған даласының байлығын дәлелдеу үшін, осы жерде үлкен қала салу үшін көптеген қиындықтарды жеңдік. Қазір көріп отырсыздар, Үлкен Жезқазған қандай жас, тартымды, өзі көлі бар. Жезқазғанды көздің қарашығындай сақтауларыңызды Сіздерден сұраймын, достар! Біздің байлығымыз ұлан-ғайыр болғанымен шексіз емес».

Қаныш Сәтбаев.

 

Өлкетанушы С.Бүкіров өзінің «Біздің Қаныш Имантайұлы» естеліктер кітабында: «1936 жылдың жазы, мауысым күндері әлі есімде. Біздің Жезқазғанда, ол уақытта Наушабай, Кеңгір деп аталатын жерде жеті киіз үй отыратын. Олар Әбдірахман, Сәмет, Әлім, Балғымбай, Байсымақ, Жәнділдә, Әубәкір дегендердің бір топ Бекболат атты ауылы еді. Біз Кеңгірдің оң жақ жағалауында отыратынбыз. Бір күні ауылға ақ брезентпен жабылған машина жетіп келді. Ауыл адамдары қонақтарды көруге жиналды. Машинадан шыққан үш адамға ауыл ақсақалы Әбдірахман амандасқанда:

– Аман ба, Қаныш?!

– Аман, Жақсы! – деген үндер шығып жатты.

– Міне, біздің көптен бері болмаған қадірлі қонағымыз, ет ас, шай қайнат, –деп әмір етті Әбекең өзінің әйелі Момаханға. Қонақтар Әбдірахманның үйіне қарай беттеді. Бұлар сол кездегі Қарсақбай мыс комбинатының бас геологі Қаныш Сәтбаев және Жезқазғанның мыс рудасы мен басқа да металдарын зерттеп жүрген геологтар Саид Сейфуллин мен Василий Штифановтар еді. Киіз үйде отырғандағы әңгімені Сәтбаев бастап, былай деді: – Жуырдағы 7-8 жылда осы далада мыс қаласы Жезқазған салынады. Темір жол салынып, ол Жезқазғанды Қарағандыға қосатын болады. Кен байыту фабрикасы, металлургиялық зауыт, плотина саламыз, қалада мәдениет үйлері, асфальтталған көшелер, көтеген магазиндер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар болады.

– Бәрекелді! – деп ақсақалдар қостағандай болды.

– Рахмет, Қанышжан, – деп Әбдірахман ақсақал қолын қысты. Ақсақалдар мен жастар даладан тауып алған тастарын көрсетіп, беріп жатты. Қаныш олардың сыйына рахмет айтып, жүріп кетті», – деп жазады.

Қ.Сәтбаевтің тапсырмасымен Әбдірахман ақсақал Кеңгір өзені мен Сарысу өзендерінің қосылатын тұсында біраз жылдар су өлшеуші болып қызмет атқарады.

1946 жыл КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер болған Қ.И.Сәтбаевқа жастар атынан Сүтемген Бүкіров сенімді өкілі болады.

Дәуір дарабоздарының жасампаз істері мен тынысына қанық Сүтемген Тақабайұлы олар жайында нақты деректерге сүйене отырып, жүздеген очерк пен мақала жазды. Олар Әлкей Марғұлан, Өмірхан Байқоңыров, Сәбит Мұқанов сынды таланттар еді. Солардың ішінде Қаныш Сәтбаевқа көңілі ерекше болған.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың геологиялық, ғалымдық өмір жолы Қарсақбаймен тікелей байланысты. Ғалымның Жезқазған жайлы түпсіз терең еңбек жазып, Ұлытау өңірінің бақытты тағдыры үшін күрескендігінен, күресіп қана қоймай, жеңіске жетектегендігінен хабарымыз бар. Ал, оның қазақ математикасына, әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Қаныш Имантайұлының шын аты Ғабдоллағани екенін, Имантайдың бәйбішесі Нұрымның тәрбиесінде болғанын, ол бір кезде «алгебра» атты қазақ тілінде жазылған оқулықтың авторы болғанын, Марс пен Юпитер орбитасының арасындағы планета Қ.И.Сәтбаевтың атымен аталатынын, көрнекті музыка зерттеушісі Александр Затаевичтің «Қазақтың мың әнін» жинақтап құрастырғанда, оның біразын Қаныштан жазып алғанын мен Сүтемген ағамнан естіген едім.

Ғұлама ғалым Ұлытау өңірінің бай қазыналы өлке екендігін дәлелдеген бір ғылыми еңбегінде: «…біздің қолымызда бар бүгінгі нақтылы мәліметтерге сүйенсек, табиғаттың дархан жомарттығы арқасында жер қойнауының әртүрлі бай қазыналары бір жерге шоғырланған Жезқазған жер шарының санаулы бақытты аудандарының бірі деп санауға әбден болады», – деген ғой. Қаныш Имантайұлы сонау 1928 жылдың өзінде «Қарсақбай ауданы және оның болашағы» деген мақаласында: «Жезқазған ауданы әлемдегі мысқа бай аймақтарының бірі саналады. Бәлкім оған болашақта Оралдың қазыналы өлкесі ғана емес, Американың мысты өңірлері де  біріншілік алуға жол беріп қалар», – деп жазған. Не деген данышпандық!

1961 жылы көктемде Қаныш Имантайұлы басқарған Қазақстан Ғылым академиясының көшпелі ғылыми сессиясы Жезқазғанда болып, онда Үлкен Жезқазғанның барлық саладағы мәселелері қаралып, келешек проблемалары қозғалды. Сессияда Қ.Сәтбаев сөйлеп, тағы да болашағымыздың алдындағы ғалымдардың борыштарын ғылыми дәлелдермен анықтап береді.

Қаныш Сәтбаев Орталық Қазақстанның прогноздық-металлогениялық картасын жасағанда Жезқазған өңірінде мол мыс қорынан тысқары, оның сарқылмас қазынасы – кен жыныстарының құрамында сирек кездесетін түсті металлдардың қоры бар екеніндігін ғылыми жолмен зерделеп шыққан еді. Яғни, 20-дан аса түрлі химиялық элементі, атап айтқанда, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, кадмий, сурьма, селен, теллур, рений, осмий сияқты бағалы металдарды өндірістік жолмен бөліп алу арқылы кен өндіруден түсетін қыруар байлықты еселей түсуге болады. Осы аталғандардың ішінде, ғалым-геологтардың деректері бойынша, әлемдегі жер қойнауындағы ренийдің  30%-ы, ал осмий-187 изотопының 99%-ы Жезқазған мыс кендерінің құрамында шоғырланған екен.

Орайы келгенде Сүтемген ағаның кезекті бір жазбасынан үзінді келтірейін, ол: «Қаныш Сәтбаев – ұлы ғұлама қазақ жерінің металлогениялық картасын жасады. Біздің жеріміздің үсті мен астында не барын көрсетіп берді. Ол сол байлықтың қанша ұрпақтың өміріне жететінін, оны қалай алып игеру керектігін де дана ойшылдықпен ғылыми тұжырымдады. Ол соның бәрінде де туған халқының мол байлығын ысырап етпей, төгіп-шашпай, кеннің қалыптасуына, жатуына қарай аттамалап, бай-кедей деп іріктеп-талғамай, ретімен, жүйесімен алуды ғылыми, адами тұрғыда айтып берді. Бірақ, ол айтқан ғылыми ұсыныс дәл сол дегендей іске асып жатыр ма?  Демек, әр адамның немесе билеушінің жүрегінде, ақыл-ойында не жатқанын нақты тап басып айтып беру кімнің қолынан келеді? Дәл жоғарыдағыдай адамдардың жүрегінде не жатқанын білдіретін картаны ешкім жасаған жоқ. Ғылым оған жеткен жоқ. «Еліңді ессіз басқарса, халық шерменде болады» деген осындайдан айтылған». Иә, ойланатын жағдай. Ойланып та жүрміз.

Жезқазған өңірінің даму тарихына үңілер болсақ, қадау-қадау іргелі істердің куәсі боласыз. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір сбепкер болған – оның мол табиғи байлықтары. Бүгіндері Жезқазған – еліміздегі түсті металлургияның ірі орталығы, Ұлытау облысының бас қаласы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуын атап өтуді айтқан болатын. Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде республика Үкіметінің іс-шаралар жоспары бекітілді. Ғұлама ғалымның мерейтойын Қазақстанның барлық аймақтары атап өтетін болады, Ұлытау облысының әкімі өңірлік іс-шаралар жоспарын бекіті.

Жезқазған қаласын Қаныш Сәтбаевтан бөліп қарауға болмайды. Кезінде бізге дейін де, біз де «Қаныш десек, Жезқазған дегеніміз, Жезқазған десек, Қаныш тұрады есте» деп Маяковский үлгісімен үн қатқанбыз. Бүгін ғұлама ғалымның 125 жылдығы қарсаңында, оның сүйікті қаласы Жезқазған өзінің 70 жылдық тойына дайындалуда.

2019 жылы Сәтбаев қаласында «Қ.И.Сәтбаев: Тұлға. Патриот. Ғалым» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумға Ресейден, Қазақстаннан келген ғалымдар баяндама жасады. Баяндамашылар мен жарыссөзге қатынасқандар ғұлама ғалымның еңбектеріне лайықты бағасын берді. Осы симпозиумда мен де сөз сөйлеп, әлем мойындаған ғалым Қаныш Сәтбаевқа Тәуелсіз Қазақ елінің жоғары марапаты «Халық қаhарманы» атағын беру туралы ұсыныс жасаған болатынмын. Бұл ұсынысты көпшілік қолдайды деген сенімдемін. Уақыт өткен сайын Қаныш Сәтбаев жұлдызы жарқырай бермек.

 

Төлеген Бүкіров,

Жезқазған қаласының Құрметті азаматы

Оқылып жатыр

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Жаңалықтар 11 апреля, 2026

Астана. 11 сәуір. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасы Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе…

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

11 апреля, 2026

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

11 апреля, 2026

«Қазгидрогеология» 700-ден астам жаңа бұлақ тапты

10 апреля, 2026

Бұршақ, қар, жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

10 апреля, 2026

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

10 апреля, 2026

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

10 апреля, 2026

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

10 апреля, 2026

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

10 апреля, 2026

Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

10 апреля, 2026

Путин мен Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

10 апреля, 2026

Ақтөбеде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

10 апреля, 2026

Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жақын арада қайта жанданады

10 апреля, 2026

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

10 апреля, 2026

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

10 апреля, 2026

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

9 апреля, 2026

Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

9 апреля, 2026

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

9 апреля, 2026

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.