Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс іске қосылуына
орай қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билігімен кездесу
өткізді.
Куала-Лумпурда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Малайзияның
Азаматтық авиация басқармасының (СААМ) бас директоры Норазман Бин
Махмудпен, сондай-ақ Air Asia X және Malaysia Airlines әуе компанияларының
басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің
қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің
өкілдері қатысты.
Келіссөздер барысында қазақстандық тарап Air Asia және Malaysia
Airlines малайзиялық әуе компанияларының Қазақстан қалаларына ұшу
географиясын кеңейту, оның ішінде «ашық аспан» 5-ші дәрежесін қолдану
мүмкіндігін
кеңейту мәселесі бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация Malaysia Airport Holdings
басшылығының бастамасымен Куала-Лумпур халықаралық әуежайына оның
операциялық қызметіне шолу жасау мақсатында жұмыс сапарымен барды.
Әуежайға сапар барысында жолаушылар ағынын басқару және аэродромға
қызмет көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда Куала-
Лумпур әуежайы әлемнің алпыстан астам әуе компанияларына қызмет көрсетеді,
2023 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 60 миллионнан астам
жолаушыны құрады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің авиациялық билік
органдарының өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
Трендте
- Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз бар шындығын айтты
- Джо Байденнің ұлы 15 жылға сотталуы мүмкін
- Ақмола облысында өрттен 19 адам эвакуацияланды
- Ақтөбеде табиғатты ластаған кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды
- Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
- Еліміздегі саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдап, Халықтық штабқа бірікті
- Экологиялық мәселелерге арналған алғашқы қор құрылмақ
- «Green Kazakhstan» қоғамдық қоры құрылады