Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, елімізде 2018-2022 жылдар аралығында зейнетақы 150 доллардан тек 151 долларға өскен. Орташа жалақы осы уақыт арасында 472 доллардан 673 долларға дейін жоғарылаған.
ЕАЭО-ның барлық елдерінде шығындардың негізгі бөлігі азық-түлікке тиесілі. Қазақстан азық-түлікке табыстың 51,2 %-мен ең көп шығын жұмсайтын ел. Қырғызстанда табыстың 47,3%-ы, Ресейде 32,9%-ы жұмсалады.