• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанда жүздеген мұнай өндіруші ұңғыма жаппай жабылып жатыр

Қазақстанда жүздеген мұнай өндіруші ұңғыма жаппай жабылып жатыр

24 апреля, 2024 Жаңалықтар

Мамандар істен шығатын ұңғымалар, «станок-качалкалар» саны алда мыңға жуықтауы мүмкін екенін ескертеді.

Республикада қазірдің өзінде 600-ден астам мұнай өндіретін ұңғыма су астында қалып, жұмысын тоқтатқан. Бұл сан алда артуы мүмкін, өйткені еліміздің батыс өңірлерінде тасқын әзірге шырқау шегіне жеткен жоқ.

Ресей жағы бөген-плотиналарынан суды мол көлемде төгіп, төмен қарай жібере бастады. Ресей субъектілерінде қар мен қалың тоңның негізгі бөлігі сәуірдің соңына қарай көбірек ериді.

Энергетика министрлігі су басу жағдайы күрделі өңірлерде кем дегенде 634 ұңғыманың тоқтауы салдарынан Қазақстан мұнай өндірісінің 16 мың тоннасын жоғалтқанын жария етті.

«Тасқын салдарынан елімізде, соның ішінде Ақтөбе және Атырау облыстарының бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарда бұған дейін 634 ұңғыма жұмысын доғарды. Соның кесірінен елдің мұнай өндірісі саласының жалпы шығыны 16 мың тоннаға жетті. Бүгінде 141 ұңғыманың жұмысы қалпына келтірілді. Бірақ 493 ұңғымада өндіріс сол бойы тоқтап тұр», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, оның ең көбі – Ақтөбе облысында. Жалпы саны 489 ұңғыма қаңтарылып қалған. Соның ішінде үлкен бөлігі немесе 440 ұңғыма – қытайлық «СНПС – Ақтөбемұнайгазға» тиесілі. Тағы 25 ұңғыма – қытайлық-панамалық «КМК Мұнай» АҚ-ының, 24 ұңғыма – қазақстандық «Ада Ойл» ЖШС жеке компаниясының (Қазақстан азаматтары Парсултан Шойбеков пен Болат Ыдырысбаев) еншісінде.

Атырау облысында тасқын салдарынан 4 ұңғыма дағдарды: 3-еуі – «Ембімұнайгаз» АҚ-тыкі, біреуі – «5A Ойл» ЖШС ұңғымасы.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде компаниялар топан судың астында қалған объектілерінен суды сорғымен айдап шығаруға тырысуда.

Бұдан бөлек, ұңғымаларды герметизациялау және қайталама су баспауы үшін тасқынға қарсы бекініс тұрғызу жұмыстары талап етіледі. Мұны олар өз күшімен жүзеге асырып жатыр.

Бұл ретте мұнай өндірісі секторы үшін Атырау облысын қарғын судан қорғау басымдықты мән-маңызға ие. Себебі, еліміздің мұнай қорының шамамен 80%-ы Атырау өңірінде қордаланған. Теңіз және Қашаған сияқты «жаһандық супергигант» кен орындары да сонда орналасқан. Сондықтан мемлекет аталған облысқа армияны аттандырды.

Бұл туралы еліміздің Батыс өңірлерінде біраздан бері волонтер ретінде тасқынға тосқын қою шараларына белсене қатысып жатқан Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл хабарлады.

«Әскерилеріміз ауыл-қалаларды судан қорғау шараларымен айналысуда. Атырау өңірін су басу қаупі ары қарай сақталып тұр. Бұған дейін үлкен су Ресей жақтан 20-25 сәуірде келеді деп күткенбіз. Алайда көрші Ресейде Ирикла су қоймасынан аққан су төменде сағаларды толтырып, жағадан шығып, кең жайылып кетті. Тиісінше, облыс әкімдігінің дерегінше, Атырауда тасқын кешігіп, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында шырқау шегіне жетеді. Әскери қызметшілердің, волонтерлардың қатысуымен оны қарсы алу, төтенше жағдайды болдырмау үшін дайындық жұмыстары жүргізілді, жалпы ұзындығы жүз шақырым бөгет тұрғызылды. Атырау өңірінде жалпы саны 1 859  әскери қызметші төтенше жағдайдың алдын алуға жұмылдырылды», – деп хабарлады Бақытбек Смағұл Батыс өңірінен.

Жалпы, әскерилер тек мұнайлы аймақты қорғауда деп ойламай керек, ұлттық армиямыз барлық дерлік өңірдегі ең күрделі учаскелерде қимылдап жатыр. Сөз орайында қоғам қайраткері бір қызықты деректі келтірді.

«Жауынгерлеріміз тасыған өзендердің жағасын нығайтып, жасанды дамбалар тұрғызуға атсалысты. Зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмектерді тасып жеткізуде. Бірнеше ауысыммен қызмет етіп, халыққа жан-жақты жәрдемдесуде. Мысалы, Қазақстанның Қарулы күштері тарихи жәдігерлерді тасқыннан құтқаруға да үлес қосып жатыр. Қазақтың асыл тарихының алтын бастауларымен астасып жатқан Сарайшық шаһарының орнын қорғауға адам жетпей қалған. Сондықтан ол жаққа, Атырау облысының Махамбет ауданына 50 әскери жолданды. Сөйтіп, мәселе біраз шешілді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Бауыржан Артықовпен бірге мен сол жерде де болдым. Тарихи Сарайшық жерінде Бейнеудегі барлау полкінің жауынгерлері жұмыс жасап жатыр», – деді Б.Смағұл.

Ол енді еріктілермен бірге ахуалы күрделенген Орал жаққа аттанып барады екен.

«Қазгидромет» дерегінше, Оралда тасқын алдағы 22–24 сәуір күндері шырқау шегіне жетеді.

Өз кезегінде еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Атырау облысында су басып қалған 4 ұңғыма бақылауда: өрт шықпауы үшін олар электрмен жабдықтаудан дереу ажыратылып, герметизацияланған.

«Облыстағы басқа мұнай-газ кен орындарындағы ахуал тұрақты. Олардағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырмыз», – деді ТЖМ өкілдері.

Оқылып жатыр

АҚШ Иранға қарай ең мықты ұшақтасымалдағыш кемесін жіберді

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында қай спортшыларымыз шығады?

Ертең наурыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Иранға қарай ең мықты ұшақтасымалдағыш кемесін жіберді

Әлем 14 февраля, 2026

Астана. 14 ақпан. BM.KZ – АҚШ Таяу Шығысқа USS Gerald R. Ford ұшақтасымалдағышын жібереді. Ол…

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында қай спортшыларымыз шығады?

14 февраля, 2026

Ертең наурыз ҰБТ-сына өтініш қабылдау басталады

14 февраля, 2026

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

14 февраля, 2026

Қорғаныс министрлігі «әскерден босату» қызметтерінің заңсыз екенін ескертті

13 февраля, 2026

ҚМА 620 млн теңгені заңсыз иемдену дерегін тергеп жатыр

13 февраля, 2026

eGov Mobile қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды

13 февраля, 2026

Елімізде наурыз мейрамында пойызға билет табу жеңілдейді

13 февраля, 2026

ІІМ Алматыда есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты

13 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі

13 февраля, 2026

Димаш Түркістанның туристік орындарын таныстырады

13 февраля, 2026

Ким Чен Ын қызын мұрагері ретінде дайындап жатыр

13 февраля, 2026

Елена Рыбакинаның жеңіс сериясы Доха турнирінде тоқтады

13 февраля, 2026

Бүгін кей өңірлерде оқушылар қашықтан оқуға көшті

13 февраля, 2026

Александр Бублик алғаш рет Роттердам турнирінің ширек финалына шықты

13 февраля, 2026

Ғашықтар күні: ІІМ азаматтарды алаяқтан сақ болуға шақырады

12 февраля, 2026

БҚО-да лудоманияға шалдыққан кәсіпорын бухгалтері 118 млн теңге жымқырған

12 февраля, 2026

Қазақстандық арнайы жасақ UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінде топ жарды

12 февраля, 2026

Миллиардтап ақша жымқырған экс-ректор бостандыққа шықты

12 февраля, 2026

Алматы қаласында жасырын есірткі зертханалары жойылды

12 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.