Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-ик қазақстандықтарды заңды жұмыспен қамту бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты. «Осы жылы Қазақстанда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесін енгіземіз деп күтемін. Кейін қазақстандықтарға Кореяда 3 жыл жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Біз медициналық базалық сақтандыруды және зейнетақы аударымдарымен қаммтамасыз етуді ұсынамыз. Мұндай қорғау Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін өте маңызды»,-деді Чжо Тэ-ик. Алайд елші жүйе аясында Кореяда жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар тестілеуден өтетінін айтты. “Тілдік кедергі мәселесі өте маңызды. Нұсқауларды дұрыс түсінбеу немесе кәріс қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан Кореяға жұмыс істеуге келген қазақстандық тілді белгілі бір деңгейде білуі керек. Корей тілінен шағын тест өткізіледі», — деп қосты ол.