Қазақстандықтардың жалақысына 185 мың теңге үстемеақы мен 1 жылдық демалыс беріледі
Елде ғалымдардың жағдайы күрт жақсартылады. Мемлекет университеттерге 29,1 триллион теңге шығындамақ.
«Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру бекітіліп отыр. Мысалы, доктор PhD, ғылым кандидаты бүгінде ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңгеге жуық үстемақы алса, енді оған қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың теңгеге жуық үстемақы, яғни жалпы алғанда 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алатын болады. Ал енді ол ғылым докторы болса және қазіргі уақытта өз жалақысына 130 мың теңгеге жуық үстемақы алып отырса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол қосымша профессор атағы үшін тағы 60 мың теңгеге жуық үстемақы алады. Сонда барлығын қосқанда 190 мыңға жуық ай сайынғы жалақысына үстемақы беруді ұсындық», – деді депутат Асхат Аймағамбетов.
Бұл – ақырғы сома емес, жыл сайын немесе жылына бірнеше рет артып отырады. Себебі, жиі өзгеріп, өсетін айлық есептік көрсеткішке байланған.
«Ғылыми-зерттеу институтында немесе университетте 5 жылдан астам уақыт жұмыс істеген жетекші, дарынды ғалымдарымызға бір жылға дейінгі шығармашылық демалыс беріледі. Осы бір жыл бойғы демалысы кезінде оларға тиісті орташа жалақы көлеміндегі ақы төленеді. Бұл да біздің ғалымдарымыз үшін үлкен мүмкіндік. Осы бір жылдың ішінде ғалымдарымыз монографияларын шығаруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтауға және тиісті мақалаларын шығаруға өте керемет мүмкіндік алады», – деді Аймағамбет