• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстандықтарға ай сайын 208 мыңнан 519 мың теңгеге дейін жаңа төлем төленбек

Қазақстандықтарға ай сайын 208 мыңнан 519 мың теңгеге дейін жаңа төлем төленбек

2 апреля, 2024 Экономика

Бұл арнаулы әлеуметтік төлемді енді елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер де ала алады.

Еңбекминінің түсіндіруінше, Қазақстан бұл қадамға Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ықпалымен барып отыр. Себебі, Парламент ратификациялаған ХЕҰ конвенцияларына сәйкес, республика шетелдік мигранттарға қазақстандық еңбеккерлермен бірдей қарауға және лайықты қорғауға халықаралық міндеттеме алған. Жаңа Үкімет ел мойнындағы сол ескі міндеттемелерін жүзеге асыруға кірісіпті.

Тиісінше, елімізде еңбек қызметін атқарып жатқан шетелдік азаматтар да, азаматтығы жоқ адамдар да қазақстандық жұмысшыларға төленетін төлемдерді алуға құқылы көрінеді. Осы мақсатта Еңбек министрлігі ұлттық заңнаманы өзгертуге бастамашы болды.

Төлемнің өзіне тоқталсақ, Президенттің тапсырмасымен, елімізде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «арнаулы әлеуметтік төлем» (АӘТ) енгізілгені белгілі. Соның арқасында еңбек жағдайлары зиянды жұмыста ұзақ уақыт бойы істейтін адамдар іс жүзінде «ерте зейнетке» шыға алады. Яғни, арнаулы әлеуметтік төлемін ай сайын алып, демалысқа кетуіне болады. Қоса жұмыс істеймін десе, рұқсат: тек ауыр, залалды жұмыс істемесе болғаны.

Заң бойынша АӘТ экономиканың 19 саласында, соның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қазақстандықтарға тиесілі болады.

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қолданыстағы міндетті шарттарды ескеріп, оны 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмысшы алатынын хабарлаған еді. Оның есебінше, бұл сан 2030 жылы – 58 мыңнан, 2035 жылы – 95 мыңнан асуы мүмкін.

Енді арнаулы төлемді алуға құқылы адамдардың саны күрт артқалы тұр. Олардың қатарына жаңа санат қосылады.

Жаңалықтың мән-жайын Еңбекминінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментіне қарасты Еңбекті қорғау басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков түсіндірді.

«Биылғы 1 қаңтардан бастап, арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді, ол зиянды жұмыстарда істейтін немесе істеген адамдарға екі критерий бойынша төленеді. Біріншіден, 55 жасқа толуы керек. Екіншіден, жұмыс берушісі оған жалпы жиынтығында кемінде 84 ай, яғни 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударуға тиіс. Алайда мұндай жағдайда қауіпті жұмыстарда істеген, бірақ жиынтығында 84 ай МКЗЖ аудару фактісі жоқ жұмыскерлердің үлкен тобы аталған төлемнен қағылып отыр. Олардың зиянды жұмыстардағы жалпы өтілі кемінде 12,6 жылды құрайды. Жұмыс өтілі олардың еңбек кітапшасымен расталады», – деді басқарма басшысы.

Бүгінде бұл азаматтар биліктің төлемді барлығына емес, бөле-жара төлегеніне наразылығын білдіріп жатыр. Олжас Нұрбекұлы 1985 жылы, 18 жасында еңбек жолын кенші болып бастаған екен. Кейін геодезист болып қызмет атқарған.

«Геодезистер егер 12,6 жыл зиянды өндірістерде істесе, онда 58 жасында, еңбек сіңірген жылдары бойынша ерте пенсияға шыға алатын. Менің жасым 58-ге толған жоқ. Зиянды жұмыстарға істегендерге жаңа арнаулы әлеуметтік төлем енгізілгенін естіп, қуанғанбыз. Үміт ақталмады. БЖЗҚ «сіздің атыңызға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылмаған!» деп жауап берді. Онсыз әлеуметтік қамсыздандыру мекемесі төлемге құжаттарымызды қабылдамайды. Бірге істеген, таныс болған жігіттердің бәрінің солай меселін қайтарды. Бізге МКЗЖ төленуі де мүмкін емес еді, өйткені сол кәсіптік зейнетақы жарнасы 2014 жылы ғана енгізілді. Біз ол кезде басқа жұмыстарға ауысқанбыз. Елуге таяғанда ауыр, зиянды жұмыс жасау оңай болып па?!», – деп ренішін білдірді Олжас аға.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде зейнетақы жарналарының жаңа түрі – МКЗЖ шынында, тек 2014 жылдың 1 қаңтарында пайда болды. Оның өзінде олигархтардың көптеген кәсіпорны сөзбұйдаға салып, артық шығын шығарғысы келмей, біраз шахтер, кенші және басқа қара жұмыстағы жұмысшыларының тиісті жарнасын БЖЗҚ-ға аударуға асықпады. Олардың бәрін Парламент пен Үкімет заңдағы аталған талабымен тағы жазалап отырғандай.

Былтыр қабылданған заң арнаулы әлеуметтік төлем алғысы келетіндерден 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуын талап етеді. МКЗЖ тек 2014 жылы енгізілгенін ескеріп, оған 7 жылды қоссақ, тиісінше, 2021 жыл шығады. Ендеше ұзақ жыл зиянды жұмыстарда істеген, дегенмен 2021 жылға дейін кетіп қалғандардың бәрі АӘТ алатындар санатынан тыс қалды. Олардың не аталған жарнасы жоқ, не жарна төлеу уақыты 84 айға толмайды.

Тиісті заңды қабылдағанда Парламент депутаттарының осы әділетсіздікті ескермегені қайран қалдырады.

Әділдік енді орнауы мүмкін. Еңбек министрлігі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын әзірлеп шықты.

«Шын мәнінде, жұмыскерлердің сөз болып отырған санаты зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында ұзақ істесе де, арнаулы әлеуметтік төлем алуға үміткер бола алмайды. Егер бұл азаматтарды да АӘТ алушылар санатына енгізсек, онда бұл елдегі құқықтық тәртіп жүйесінің тиімділігін арттыруға, қоғамда әділдікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондай-ақ жұмыскерлердің кәсіптік ауруларының алдын алуға, Қазақстан азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік және медициналық оңалтуға жұмсалатын қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі жоқ, бірақ еңбек кітапшасымен расталған кемінде 12,6 жыл еңбек өтілі бар жұмыскерлердің саны қанша? АӘТ алушылар саны қаншаға өсуі мүмкін?

Еңбек ведомствосының есебінше, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында 12,6 және одан көп жыл өтілі болған және АӘТ алуға құқылы азаматтардың жаңа тобының саны 2024 жылы 15 119 адамды құрайды. Оларды қамту үшін бюджеттен талап етілетін шығыстар көлемі 7 млрд 875,2 млн теңгені құрайды деп болжанған. Бұл ретте мемлекет тарапынан әр азаматқа берілетін төлем 2 ең төменгі күнкөріс деңгейін (ЕТКД) немесе 86 814 теңгені құрауы мүмкін.

2025 жылы 17 291 мың адам алады деп күтілуде, олардың әрқайсысына шамамен 92 456 теңгеден төленгенде, бюджеттен қосымша 19 млрд 183,8 млн теңге шығыс қажет етілмек.

2026 жылы алушылар саны 19 410-ға жетеді, төлем сомасы 97 078 теңге болуы мүмкін. Бюджет шығысы 22 млрд 611,4 млн теңгені құрайды деп болжануда.

Осылайша, егер жаңа заң жобасын Парламент созбалаңға салмай, тезірек қабылдаса, онда құжат бойынша:

  • еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда істейтін, не істеген,
  • 55 жасқа толған,
  • Жұмыс берушілері олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген,
  • немесе мәліметтермен расталған 12 жыл 6 ай және одан ұзақ қауіпті еңбек жағдайларында еңбек еткен Қазақстанның азаматтары, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар арнаулы әлеуметтік төлем алуға құқығы болады.

АӘТ келесі қаржы көздерінен құралады: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша өмірді сақтандырушы компаниялардан 1 ЕТКД мөлшерінде төлем; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ЕТКД көлемінде кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.

Еңбекминінің алдын ала деректері бойынша, 2024 жылы арнаулы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері жалпы алғанда 208 мың теңгеден асыпты. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері оның БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.

Бұл ретте жыл сайын арнаулы әлеуметтік төлем мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты өседі. Алдын ала есептеулер бойынша 2030 жылы төлемнің орташа мөлшері 339 мың теңгені, ал 2035 жылы – 519 мың теңгені құрайды.

Оқылып жатыр

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 6,4 трлн теңгені құрады – Қаржы министрі

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Басты тақырып 14 апреля, 2026

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин айтты. Бірақ…

Қазақстанда су тасқынының белсенді кезеңі азайтылды

14 апреля, 2026

Астанада 4 кәсіпорында 22,2 млн теңге жалақы төленбеген

14 апреля, 2026

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 6,4 трлн теңгені құрады – Қаржы министрі

14 апреля, 2026

Елімізде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

14 апреля, 2026

Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады

14 апреля, 2026

АҚШ Иран порттарына теңіз блокадасын енгізді

14 апреля, 2026

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

14 апреля, 2026

Жүргізуші куәлігін алу жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізіледі

14 апреля, 2026

ІІМ ЖИ арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертті

14 апреля, 2026

Батыста бұршақ жауып, шығыста көктайғақ болады — Қазгидромет

14 апреля, 2026

Елімізде азық-түлік өндірісі 665 млрд теңгеден асты

13 апреля, 2026

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

13 апреля, 2026

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

13 апреля, 2026

Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға тыйым салынды

13 апреля, 2026

Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты

13 апреля, 2026

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады

13 апреля, 2026

Астанада подъезде балта ұстаған мас ер адам жұртты шошытты

13 апреля, 2026

Байқоңыр қаласы тұрғындарының үйінен 180-ге жуық діни әдебиет табылды

13 апреля, 2026

АҚШ Иран маңындағы кемелерге тосқауыл қоюды бастайды

13 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.