• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Қазақстанның 110 мектебінде Финляндияның буллингке қарсы бағдарламасын енгізбек

Қазақстанның 110 мектебінде Финляндияның буллингке қарсы бағдарламасын енгізбек

15 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның 110 мектебінде Финляндияның буллингке қарсы бағдарламасын енгізбек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың штат санын ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда. «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» шеңберінде әрбір 500 білім алушыға бір педагог-психолог бірлігін қамтамасыз ету талабы көзделді», — деп жауап берді Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова депутаттық сауалға.
Оның айтуынша, «Білім туралы» заңға басқару, әкімшілік және көмекші персоналдың бекітілген штат санының лимиті және көзделген қаражат шегінде бірінші басшылардың қаржы жылы ішінде бір реттен артық емес штат саны мен штат кестесін өзгертуіне мүмкіндік беру жөнінде толықтырулар енгізілді.
«Қазіргі таңда 9552 білім беру ұйымында (5371 мектепте, 3526 балабақшада, 655 колледжде) педагог-психологтардың штат бірліктерінің саны жаңа талаптарға сәйкес келтірілді, 2492 мектепте жұмыс жүргізілуде», — деді ол.
Психолог мамандығына бөлінген грант саны және білім сапасының мазмұны туралы ол, ұлттық білім беру деректер қорының ақпараты бойынша мектептердегі педагог-психологтарға қажеттілік 229-ды, мектепке дейінгі ұйымдарда 2029-ды құрайды деді.
«Педагогика және психология», «Психология» мамандығы бойынша 36 жоғары оқу орны даярлайды. 2023-2024 оқу жылында 8723 мемлекеттік грант бөлінді, оның ішінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 6702 – бакалавриат, 1512 – магистратура, 267 – докторантура, «Психология» мамандығы бойынша 230 – бакалавриат, 12 – магистратура бағдарламаларына, деп мәлімдеді үкімет басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, вице-премьер «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері бірлесіп жаңартып, өзектендіргенін, оның ішінде «Суицидтік мінез-құлық психологиясы», «Суицидология және дағдарыстық психология», «Девиантты мінез-құлық психологиясы», «Психологиялық көмек», «Дағдарыстық психотерапия және суицидология», «Психологиялық кеңес беру негіздері», «Патопсихология негіздері» пәндері заманауи ғылыми-практикалық мазмұнда, тәжірибеде қолданылатын тәсілдер ескеріле отырып жаңартылғанын айтты.
Дүйсенованың мәліметінше, білім беру ұйымдарында педагог-психологтарға әдістемелік қолдау және балалар мен ата-аналарға психологиялық кеңес беру мақсатында өңірлерде 12 психологиялық қолдау орталығы ашылды және 2024 жылдың соңына дейін сегіз психологиялық қолдау орталықтарын ашу (Жамбыл, Манғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау, Абай, Батыс Қазақстан облыстары, Шымкент қаласы) көзделіп отыр.
Вице-премьердің айтуынша, педагог-психологтар жүргізетін міндетті құжаттардың тізбесіне өзгертулер енгізіліп, жүктемесі азайтылды, қазіргі таңда олар тек екі құжат жүргізуі тиіс (жұмыс жоспары, кеңес беруді тіркеу журналы). 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық хатқа сәйкес жылына кемінде төрт сағат сынып жетекшісі мен педагог-психолог әр сыныппен бірлескен сынып сағаттарын жүзеге асыруда.
«Кешенді жоспар аясында 110 мектепте пилот ретінде Финляндияның буллингке қарсы «Kiva» бағдарламасын енгізу жоспарлануда. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында бес халықаралық сертификатталған жаттықтырушы даярланды, сегіз мыңға жуық педагог және бағдарламаның 332 үйлестірушісі оқытылатын болады. Жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режимде мектептерге енгізілетін осы бағдарлама аясында педагог-психологтың әрбір сыныппен буллингке қарсы тоқсан сайын бір сағаттан сабақтар өткізуі енгізілетін болады», — деп хабарлады Дүйсенова.
Педагог-психологтың мәртебесі, олардың жалақысы туралы, 2019 жылдан бастап «Педагог мәртебесі» туралы заңына сәйкес психологтардың заңды мәртебесі анықталып, мұғалімдермен теңестірілгенін айтты.
Осыған орай, орта білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың жалақысы еңбекақы төлеу жүйесі туралы қаулыға сәйкес реттеледі, 2020 жылдан бастап лауазымдық жалақыға ұлғайту коэффициенттерін қолдану жолымен жалақы жоспары ұлғайтылды, 2023 жылғы қаңтардан бастап жалақыны арттыру 100% құрады, деді ол.
Сонымен қатар, педагогтерді аттестаттау қағидаларына сәйкес, педагог-психологтардың кәсіби біліктілік санаттарын көтерген жағдайда 30%-дан 50%-ға дейін жалақының ұлғаюы көзделгенін атап өтті.
Білім беру жүйесінен басқа да салалардағы психологиялық қызметтердің жұмысы туралы ол:
«Психикалық денсаулық саласында халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. Төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, психологтардың қызметін регламенттеу және азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен психологиялық жұмысты ұйымдастыру жөнінде тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданған. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халыққа (оның ішінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне) шұғыл психологиялық көмек көрсету туралы қағидалары әзірленді», — деп жауап берді.
«Сонымен қатар, қазіргі уақытта мәжіліс парламентінің депутаттарымен бірлесіп халыққа кәсіби психологиялық көмек көрсету мәселесін реттеу бойынша заңнамалық бастама пысықталуда. «Қазақстан психологтерінің Әдеп кодексі» және «Психологиялық көмек туралы» заң жобасының тұжырымдамалық негіздері әзірленуде», — деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары.

Фото көзі: admmegion.ru

Оқылып жатыр

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024806 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024535 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Басты тақырып 15 мая, 2025

Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп…

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.