Қостанай облысы Жангелдин ауданы Көкалат ауылының маңындағы қожалықта бір шаруаның 700 бас қой-ешкісі суға тұншығып өлген Бір апта бұрын Торғай мен Қабырға өзендері арнасынан асып, айналасына жайылған. Сол жердегі қожалықтың үйі мен қораларын түгел су басқан. Шаруа қожалығының иесі Бүтінбай Смайылдың Азаттыққа айтуынша, су деңгейі әлі түспеген. 70-80 ірі-қара бір аптадан бері суда тұр. Тірі қалған мал-жанды төтенше жағдайлар қызметі құтқаруға қауқарсыз. Бүтінбай Смайылдың сөзінше, қожалықта жүрген алты адам екі күннен кейін тікұшақпен құтқарылған. Әзірше Қазақстан бойынша тасқыннан қырылған малдың нақты есебі жоқ.
Қостанайда 700 бас мал суға тұншығып өлді
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы