• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Құмшекер бірнеше апта қатарынан қымбаттап жатыр

Құмшекер бірнеше апта қатарынан қымбаттап жатыр

24 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қант бағасы қалай құбылады?

Алдағы уақытта қант бағасы қалай құбылуы мүмкін? Елімізде тапшылық болмай ма? Ішкі нарықта қант өндірісі қалай дамып жатыр? Осы тақырып төңірегінде inbusiness.kz сайтының тілшісі шолу жасады.

Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасының дерегінше, бір апта ішінде республикамызда қант күрт қымбаттаған. Атап айтқанда, 26 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін оның бағасы 1,4 пайызға өскен. Сарапшылар соңғы рет мұндай жоғары өсім 2022 жылғы тамыз айының басында болғанын жазады.

«2022 жыл тапшылық болғаны белгілі. Көктемде Ресей қант экспортына 6 айға тыйым салды. Ресей импортына қатты тәуелді Қазақстанда баға шарықтады. Соңғы кезде Ресей елімізге қант экспорты бойынша ешқандай тыйым салған жоқ. Осыны ескеретін болсақ, баға өсімінің қазіргі себептері жергілікті өндірістің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін», — деп жазады DataHub.

Сарапшылар қант 7 апта қатарынан қымбаттап жатқанын атап көрсетеді. Орташа өсу қарқыны 0,7 пайыз маңайында. Осыған дейін қант бағасы шамамен 70 апта қатарынан арзандаған.

«Қант бағасының болжамды өсімі туралы былтырғы жазда айтылды. 2022 жылы өндірушілер шикізатты сатып алуға мемлекеттен жеңілдетілген несиелер алып, бағаны бір деңгейде ұстауға міндеттелді. Бірақ та, шикізат бағасы өскендіктен, кейіннен келісімдерді сақтауда қиындықтар туындады», — делінген хабарламада.

Қазақстанның қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы президенті Айжан Наурызғалиеваның айтуынша, қазір баға қалай өзгеретінін болжау қиын.

«Бүгінде тапшылық жоқ, қант сатылымда бар. Елімізге Ресей Федерациясынан қанттың көп көлемі түскенін ескерсек, тапшылық болмайды деген ойдамын. Қазіргі таңда қант зауыттары жұмыс істемейді. Қызылша шикізатын өңдеу маусымы жабық. Зауыттар шамамен 50 мың тонна қант өндірді. Қазір екі зауыт шикізатты күтіп отыр, мамыр-маусым айларында шикізатты өңдеу басталады», — деді ол редакция сауалына берген жауабында.

Сөзінше, қазіргі таңда сауда желілерінде қант бағасы килограмы үшін 538 теңге және одан жоғары.

«Бірақ зауыттар тікелей желіге жеткізбейді. Зауыттардың бірі аймаққа қантты 415 теңгемен босатуы мүмкін. Бұдан бөлек дилерлер, импорттаушылар, желілер Ресей Федерациясынан қантты 320-350 теңгеге сатып алады, ал сөреде бұл қант айтарлықтай жоғары бағада тұрады. Үлкен көлем «сұр импорт» арқылы келеді», — деп түсіндірді сарапшы.

Осыған дейін сала мамандары көршілес елден бақылаусыз әкелінетін қантқа тосқауыл қоюды сұраған болатын. Жалпы алғанда, елімізде 4 қант өңдейтін зауыт бар. Олар Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан. Алайда қант нарығында айтарлықтай үлес импортқа тиесілі екенін баса айтқан жөн.

Energyprom.kz жазуынша, биылғы қаңтар-ақпан айларында 15,5 мың тонна қант өндірілген. Бұл өткен жылға қарағанда 4 есе аз. Қаңтарда отандық қант зауыттары 6 мың тонна қант өндірді. Бұл да былтырғы статистикаға қарағанда 5,4 есе аз. Биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша түйіршіктелген қант бір айда 3,2%-ға қымбаттады. Ақпан айында оның бағасы 1,5%-ға, былтырғы наурыз айында 2,2%-ға, ал 2022 жылы наурызда 34,3%-ға артты.

Бір жылда түйіршіктелген қант бағасы 10,1% пайызға төмендеді. Былтырғы наурызға қарағанда елдің барлық өңірінде түйіршіктелген қант арзандаған. Сарапшылардың дерегінше, бағаның айтарлықтай төмендеуі Ақтөбе, Абай және Қарағанды облыстарында байқалды.

Оқылып жатыр

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

Сенат жаңа Салық кодексі жобасын Мәжіліске кері қайтарды

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024809 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024540 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

Жаңалықтар 23 июня, 2025

Павлодар облысының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы өңірдегі ауа райының күрт нашарлауына байланысты үш қала мен…

Сенат жаңа Салық кодексі жобасын Мәжіліске кері қайтарды

23 июня, 2025

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

23 июня, 2025

ШҚО-да үш бірдей браконьерлік топ ұсталды

19 июня, 2025

Мемлекет басшысына Stadler Kazakhstan шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды

19 июня, 2025

Әйел энергиясы

19 июня, 2025

Қамыс өрті — Ақ Жайық экожүйесіне төнген қауіп: экологиялық дабыл ма, маусымдық заңдылық па?

17 июня, 2025

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

17 июня, 2025

«Семей орманы» резерватында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды

16 июня, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді Астанада салтанатты түрде қарсы алды

16 июня, 2025

Астанада «Күй» спектаклінің тұсаукесері өтті

15 июня, 2025

Ақмола облысында тұрғын өз ауласында 900-ден астам қарасора бұтасын өсірген

14 июня, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын «Росатом» жүзеге асырады

14 июня, 2025

Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті: Экономиканың негізгі драйверлері белгілі болды

12 июня, 2025

Ақтөбеде 197 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасы анықталды

11 июня, 2025

Рақымшылықтан кімдер үмітті? Конституцияның 30 жылдығына орай заң жобасы талқыланды

11 июня, 2025

Торғай даласына тағы 7 жабайы жылқы жеткізілді

9 июня, 2025

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық топ әшкереленді

9 июня, 2025

Қала қоқыс полигоны ма?

9 июня, 2025

Астанада «Бақыт құшағында» атты мюзикл-фильмнің түсірілімі жүріп жатыр

8 июня, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.