• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қызылорда облысында медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Қызылорда облысында медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда

28 марта, 2024 Денсаулық

Қызылорда облысында медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Денсаулық сақтау саласына қажетті қызметтік көліктер алынып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде оң өзгерістер бар.

Жақында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылды. Бұл сала мамандарының жоғары деңгейде жұмыс атқаруына оң септігін тигізеді.

«Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, халыққа арнаған Жолдауында нақты талаптар қойды. Осыған орай көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Бұрынғы аппарат бұзылып, ауруханада 2016 жылдан бері мұндай құрал-жабдық болған жоқ. Мәселенің шешімін табу үшін бюджеттен қаржы бөліп, биыл бағасы 646 млн. теңге тұратын МРТ аппараты алынды. Жаңа құрал өңір халқының игілігіне, аурудың алдын алу, анықтау жұмыстарын ілгерілетуге қызмет етеді», – дейді сала мамандары.

Осындай қамқорлықтың нәтижесінде облыстық көпбейінді ауруханада күрделі ота жасауға мүмкіндік жасалып отыр. Өткен жылдың желтоқсанында бүйрек ауыстыру отасын А. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймахановтың басшылығымен қызылордалық дәрігерлер сәтті атқарып шықты.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

«Елімізде 2011 жылдан бері бүйрек және бауыр трансплатациясы кең ауқымда жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін 1 000-ға тарта ота жасалды. Оның 700-і бүйрекке қатысты болса, қалғанын бауыр трансплантациясы құрайды. Бұл – өте күрделі іс, оған әрбір дәрігер үлкен жауапкершілікпен қарайды. Тәжірибесі жоғары болуы ескеріледі. Біз облыстық көпбейінді аурухана дәрігерлерінің ұсынысын қабыл алдық. Аурухана оған қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ота төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Жалпы, бұл өте жіті назарда болады. Барлығы алдын-ала зерттеледі», — дейді Болатбек Баймаханов.

Айта кетсек, өңірдің медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. 2022 жылы 45 жедел жәрдем көлігі алынып, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 100% автокөлікпен қамтамасыз етілді. Өткен жылы денсаулық сақтау ұйымдарына 512,5 млн. теңгеге 25 жаңа санитарлық автокөлік табысталды.

Өткен жылы тамыз айында Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 2 млрд 700 млн теңгені құрайтын Қан орталығының іргетасы қаланды. Нысан жылына 5000-10000 адамдға қызмет көрсете алады. Орталықтың салынуы – аймақтың денсаулық сақтау саласы үшін маңызды әрі ұтымды шешім. Бұл – облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау және қорғау бағытындағы нақты іс-шараның бірі.

Тұрғындар сұранысына сәйкес, биыл өңірдің барлық елді мекендеріндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 200 санитарлық автокөлік сатып алынады Оған қоса 9 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылуда. Бұл жұмыстарға 3 млрд. 700 млн.теңге қаралды.

Жақын күндері Жаңақорған ауданындағы көпбейінді аудандық орталық аурухана базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылады. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры соңғы екі жылда аймақтың денсаулық сақтау саласына 2 млрд. теңге қаржы бағыттады. Оған облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылып, аса қымбат дәрі-дәрмектер алынды. Сондай-ақ, қор республика бойынша 3 облыста ғана бар, құны 1 млрд. 100 млн теңге тұратын онкологиялық скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті.

Мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалған емес. Дәрігерлердің республикалық орталықтарда ғана емес, шет елдерде де біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 80 млн. теңге бөлінді. Сәуір айында Стамбул қаласындағы Қазақстанның бас консулының қолдауымен Түркиядағы «Мемориал» клиникасына 10 реаниматолог және 5 кардиолог біліктілік арттыруға барады. Бұл бағыттағы шаралар жыл көлемінде жалғасын табады.

Оқылып жатыр

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Каспийде итбалықтар қырылды

Басты тақырып 18 апреля, 2026

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды, деп…

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

17 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

17 апреля, 2026

Трамп: Израиль мен Ливан 10 күндік бітімге келді

17 апреля, 2026

Оңтүстік Корея туризм саласында рекорд орнатты

16 апреля, 2026

Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

16 апреля, 2026

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті

16 апреля, 2026

Қазақстандағы су есептегіш құралдарына жаңа талаптар қойылды

16 апреля, 2026

Шымкентте интенсивті алма бағына бөлінген қаржы жымқырылды

16 апреля, 2026

Екібастұзда емделушінің достары дәрігер мен медбикені соққыға жыққан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026

Павлодарда келісімшарттағы әскери қызметші қаза тапты

16 апреля, 2026

Елорда мектептерінің бірінде оқушы қыз сынып ішінде газ балонын шашқан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.