Рудныйда әйелімен ренжіскен 62 жастағы тұрғын аязда үсіп қала жаздады Жанжалдан кейін саяжайға кетпек болған ер адам жолда көлік тоқтатып, діттеген жеріне жетуге тырысқан. Алайда ауа райына байланысты көлік иесі оны жолда түсіріп кеткен. Ер адам 1,5 шақырымды жаяу жүріп өткен, суықтан оның аяқтары тартылған. Аумақты тексеріп жүрген күзетшілер оны байқап қалып, көмекке келген. Олар полиция шақырған. Адасқан ер адамның жұбайы күйеуін құтқарғандарға алғысын айтты.
Рудныйда әйелімен ренжіскен 62 жастағы тұрғын аязда үсіп қала жаздады
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы