• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » СҚО-дағы Бескөл ауылында 109 үй су астында қалды

СҚО-дағы Бескөл ауылында 109 үй су астында қалды

14 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында тұрғындар арнайы қызметтермен бірге су тасқынымен күресіп жатыр. Арнасынан шығып тасыған Есіл өзені жан-жақтан қаумалап, елді мекенге кіріп жатыр. Таңертеңнен бері 109 үй су астында қалды.

Бескөл ауылы тұрғындарының айтуынша, бүгін түнімен ұйқы болмай бөгеттерді нығайтқан. Алайда таңғы сағат 7.30 шамасында бөгет Жамбыл көшесі жағынан қатты ағын суға шыдас бермей бұзылып, су ауылға лап берген. Екі сағаттың ішінде бірнеше үй суға кетті.

СҚО
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Қазір тасқын сумен күреске төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы орган, әскери қызметшілер жұмылдырылған. Бескөл елді мекенінде Қарағанды мен Алматыдан көмекке арнайы келген мамандар жұмыс істеп жатыр. Мәселен бұл жерде Қарағанды қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен келген 40 адам тасқын сумен күресуде.

СҚО
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Оксана Голованова бүгін екінші күн көршілерімен бірге жұмыс істеп жатқан адамдарды тамақтандырып жатыр.

«Бұл жерде 10-15 жақты көрші жиналып, әскери қызметшілерді, көмекке келген волонтерлерді тамақтандырып жатырмыз. Қанша адамды қамтығанымызды айта алмаймын. Өйткені күні бойы кезек-кезекпен тамақтандырып жатырмыз. Басқа адамдар да азық-түлік – картоп, макарон, түрлі жармалар әкеліп беріп жатыр, оны осы жерде пісіреміз. Кейбірі дайын тамақ әкеліп қалдырып жатыр. Мен осы ауылда туғанмын. 40 жылдың ішінде мұндай топан суды көрмеппін. Су үйге міне келіп тұр, бірақ мына жігіттер бар күшін салып жатыр. Басында қорықтым, жыладым, енді қазір ешқандай сезім қалмады. Бірліктің арқасында бұл қиындықты да жеңіп шығамыз. Бұл күндер де артта қалады», — дейді Оксана Голованова.

СҚО
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Көрші көшеде де тұрғындар сумен арпалысып жатыр. Айтуларынша, 2 сағаттың ішінде су деңгейі 7 см-ге көтерілген. Бірақ көпшілігі әлі де әліптің артын бағып, көшуге асығар емес. Мүмкін біздің үйге жете қоймас деген үміт бар.

СҚО
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
СҚО
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Бескөл ауылында қазір бөтелкедегі су қат тауарға айналған. «Ника» аталған мына дүкенде нан сағат 15.00 кезінде бітіп қалған. Дүкеннің сатушысы Алена Городецкаяның айтуынша, таңғы сағат 9.00-де әдеттегідей 40 бөлке нан жеткізілген, кей тұрғындар 5-6 бөлкеден алған. Кешеден қалған тәтті нандар да сатылып кетіпті, сөреде тек бір пицца ғана қалған. Көрші «Колос» дүкенінде де нан жоқ. Сатушылардың айтуынша, ауылда азық-түлікке қатысты дүрбелең жоқ, нанды шеттен келіп жұмыс істеп жатқандарды тамақтандыру үшін әкетіп жатыр.

СҚО
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
СҚО
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Қызылжар аудандық әкімдігінің мәліметінше, Бескөл ауылында 14 мыңнан астам тұрғын бар. 248 үй қауіпті аумақта орналасқан. Бұл үйлерде 689 адам тұрады, олардың 79-ы зейнеткер, 170-і бала.

Бескөл ауылы
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
су басты
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Қазіргі таңда 109 үй су астында қалды.

су басты
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
Су басты
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы су қоймалары қаншалықты толғанын жазған едік.

Оқылып жатыр

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024806 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024535 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Басты тақырып 15 мая, 2025

Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп…

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.