Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың баяндауынша
Министрлік су тасқынының салдарын жою бойынша іс-шараларды үйлестіруді жалғастыруда.

Алғашқы сағаттардан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдіктер, Қорғаныс, Ішкі істер, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Әрекет ету жедел, өзара іс-қимыл үйлесімді жүзеге асырылады.

Су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі: батыс өңірлерде судың шамалы төмендеуі байқалады, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейінің қарқынды өсуі байқалады.

Су басу аймағында 5 облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 ТЖ жариялады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда.

Министрліктің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, жіберілді.