• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар

1 марта, 2024 Қоғам

«Судың да сұрауы бар» дейміз, дейміз де қоятынбыз. Бірақ судың шын сұрауы енді туғандай. Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан болашақта су тапшылығына ұшырауы мүмкін» деген мәселені ғалымдар көтеріп келген болатын. Жалғыз біздің мемлекет емес, барлық елде суға зәрулік туындай бастады.

БҰҰ мәліметінше, бүгінде әлем халқының жартысына жуығы судың жеткіліксіздігінен зардап шегуде. Сарапшылар дүние жүзі бойынша 780 миллионнан астам адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отырғанын, ал 1,7 млрд адам тұщы суға мұқтаж екенін айтады. Су тапшылығы қазіргі заманның жаһандық өзекті мәселесіне айналғанын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында ерекше атап өтті. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін екенін айта келе, Президент жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керектігін ескертті. «Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет» деген Мемлекет басшысы, Үкіметке су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуді тапсырды.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, 2040-2050 жылдарға қарай су тапшылығы дағдарысы шын мәнінде әлемдік сипат иеленбек.

Бүгін міне суды үнемдеу мәселесіне қатысты жиында суды барынша тиімді пайдалану мәселесі талқыланып, бірнеше өміршең ұсыныстар жасалды./

Жиында сөз алған аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы соңғы жылдары Сыр диқандары су тапшылығының кері әсерін сезініп келетіндігін айтып, егісті сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында аймақта су тапшылығының алдын-алу шаралары қабылданғанын атап өтті.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов те саладағы негізгі сұрақтардың басын ашты.

«Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 ай ішінде жаңа «Су кодексінің» жобасын әзірлеп, Парламентке өткізді. Үкімет су үнемдеу технологияларын енгізетін шаруа қожалықтарын қолдауды ұсынуда. Атап айтқанда, тамшылатып және жаңбырлатып суаруды енгізсе, субсидия 50%-ға дейін, ұңғыма қазса 80%-ға дейін ұлғайтылды. Қазір су үнемдеу – аса маңызды мәселе», — деді Нұржан Молдиярұлы.

«Судың да сұрауы бар». Оны неғұрлым көп тұтынсаң, соғұрлым көп ақша төлейсің. Бұл – жұртты үнемшіл болуға үйрететін әділетті және қарапайым ұстаным.

Кез келген мемлекет жер, су, ауадан тұрады. Мемлекет болғаннан кейін шекарасы белгіленеді, жер қозғалмайды. Ал су үнемі қозғалыста. Осындайда жауынгер ақын Махамбеттің: «Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық» деп айтқаны еске түседі. Ата-бабамыз суды бағалап, өзеннің бойын қорғап, судың қадірін білген. Ендігі біздің міндетіміз – осы су ысырапшылдығына жол бермей, қолда бар суды үнемдеп пайдалану. Ол әрбір тұтынушыға қатысты. Алдағы уақытта барлық деңгейдегі тиімді шешім табу жолындағы жасалып жатқан шаралардың нәтижелі және жемісті болуын тілейік!

Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

Оқылып жатыр

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Каспийде итбалықтар қырылды

Басты тақырып 18 апреля, 2026

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды, деп…

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

17 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

17 апреля, 2026

Трамп: Израиль мен Ливан 10 күндік бітімге келді

17 апреля, 2026

Оңтүстік Корея туризм саласында рекорд орнатты

16 апреля, 2026

Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

16 апреля, 2026

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті

16 апреля, 2026

Қазақстандағы су есептегіш құралдарына жаңа талаптар қойылды

16 апреля, 2026

Шымкентте интенсивті алма бағына бөлінген қаржы жымқырылды

16 апреля, 2026

Екібастұзда емделушінің достары дәрігер мен медбикені соққыға жыққан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026

Павлодарда келісімшарттағы әскери қызметші қаза тапты

16 апреля, 2026

Елорда мектептерінің бірінде оқушы қыз сынып ішінде газ балонын шашқан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.