• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Тұрақты табысы жоқ азаматтарға несие берілмеген жөн – сарапшы

Тұрақты табысы жоқ азаматтарға несие берілмеген жөн – сарапшы

13 марта, 2024 Қаржы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жақында Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді қарызын 3 ай төлемей жүргендерге тұтынушылық несие берілмеуі мүмкін. Бұдан басқа студенттерге оңды-солды қарыз беру де тоқтайды. Осы жаңашылдықтар туралы сарапшылар пікірін білдік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда жас-кәріге қарамай несие алып жатады. Мәселен, 18-20 жас аралығындағы 480 мың қазақстандықтың тұтынушылық қарызы бар. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы айтқан ақпарат. Оның ішінде проблемалық несиесі барлардың саны – 47 мың адам. Жоғарыда аталған заң жобасына сәйкес, енді кәмелетке толғандардың ресми табыс көзі болса ғана несие берілмек. Экономист Сапарбай Жобаев бұл дұрыс шешімдеген пікірде.

«Қазір Қазақстанда жастар арасында несие алу неге көбейіп кетті? Себебі олар модаға сүйеніп дейік пе, ұялы телефон, қымбат киім алу үшін несиеге жүгінеді. Ата-анасының разылығын алмастан да, несие алатындар бар. Жастар әке-шешесінің (қарызды) төлеу мүмкіндігі аз екенін біле тұра, қымбат дүниені алады. Салдарынан ата-анасын да, өздерін де қиын жағдайға қалдырады. Бұл дұрыс үрдіс емес. Мұны шектеу үшін жұмысын істеп, табысын тапқанша несие бермеу ережесін енгізу керек», — деді ол.

Сарапшыдан Қазақстан қашан қарызсыз қоғамға айналатынын сұрадық. Ол несие алу үрдісі қалыпты екенін айтты.

«Нарықтық заманға өткеннен кейін несие алу жүйесінің кеңеюі қалыпты. Біріншіден, «қарызсыз қоғам» деген сөз қаржыгерлер үшін түсініксіз. Бұлдеген тіркестің түсінігі экономикаға кері әсер ететін сөз. Қарызсыз қоғам болмайды. Қарызын уақытында қайтара алатын қоғам деген сөз түсініктірек. Яғни, несие аласың, бірақ уақытында қайтарып бере аласың. Осындай жауапкершілігі бар қоғам қалыптастыруымыз керек», — деп атап өтті экономист.

Бәрі қарыз алады – сарапшы

Экономист Расыл Рысмамбетов адамдар ғана емес, мемлекеттер мен компаниялар да қарыз алатынын атап өтті.

«Бізде «Қарызсыз қоғам» деген концепция бар. Бұл концепция дұрыс, бірақ мен бұл тіркеске бір сөз қосар едім. Проблемалы қарызсыз қоғам деген. Себебі әлемде заманауи экономика несиеге дамуды көздейді. Барлық қарыз, несиеден біржола тазару мүмкін емес. Себебі әлемдік тенденция сондай – мемлекеттер, компаниялар, адамның бәрі қарыз алады. Ең бастысы қарызды жауапкершілігі бар, алған соманы қайда жұмсайтынын, оны қалай өтейтінін білетін адамдардың алуында», — деді спикер.

Оның сөзінше, қарыз алатын адамдардың өзі бірнеше санатқа бөлінеді. Бірінші топқа жататындар қарызды қашан жабатынын білетіндер болса, екінші санаттағылар несиені шарасыздықтан алады. Себебі олардың басқа жолы жоқ, дейді экономист.

Расул Рысмамбетовтің айтуынша, қоғам қарыздан құтылсын десек, ең әуелі экономиканы тұрақтандыру керек.

«Яғни адам әрдайым жұмысқа тұра алатындай, ол несиені не үшін алатынын түсінетіндей. Қарыз алушылардың тағы бір түрі бар. Олар қарызды еш себепсіз, кенеттен алады. Бұл топтағы адамдар ертең сол қарызды қалай төлейтінін түсінбей жатады. Сондықтан халықтың осы санатына қарыз беруді қазіргіге қарағанда қатаңдатқан дұрыс. Бұдан бөлек банктер, басқа да кредиттік ұйымдар қарыз бергенде де осы жайтты ескеру керек. Яғни адамдарды несиеге байламауы тиіс. Бұрын Альянс банк, Темір банк секілді қаржы ұйымдары адамдарға қарызды «таратып берді». «Несие алыңдар, түк те болмайды» деп айтты. Бұл – манипуляция. Бірақ екінші жағынан банктер адамдар мен компанияларға несие беру үшін жұмыс істейді. Бәріміз қарызсыз жүруіміз керек деп айтудың өзі де шындыққа сәйкес келмейді. Осы тұста халықтың сауатын арттыру керек. Бұл тек қаржы сауатына ғана қатысты емес. Екіншіден, тұрақты табысы жоқ азаматтарға несие берілмеген жөн. Үшіншіден, бұл ең маңыздысы, экономиканы тұрақтандыру қажет», — деді ол.

Сарапшы адамдарға несие беруге тыйым сала алмаймыз деп отыр.

«Адамдарға несие беруді шектейік деген әңгемелер жиі айтылады. Егер біз адамдардың қарыз алуына тыйым салатын болсақ, онда олар қайда барады? Бүкіл жолды жабатын болсақ, адамдар заңсыз несие ұйымдарына жүгінеді. Ондайлар көп. Бұл ресейлік онлайн құрылымдар болуы да әбден мүмкін. Олар солай жұмыс істейді. Несиені онлайн береді. Айтайын дегенім адамдарда әрдайым тығырықтан шығудың жолы болуы керек. Ондай болмаған жағдайда олар ұрлыққа, тонауға баруы да мүмкін. Осындай қауіп-қатерлер бар», — деп атап өтті спикер.

Экономистен елімізде жеке тұлғалардың жаппай несие алу үрдісі қашан қалыптасқанын сұрадық.

«Нақты білмедім, бірақ бұл үрдіске 7-8 жыл болған шығар. (…) Біз барлығына несие беруге тыйым сала алмаймыз. Тіпті Солтүстік Кореяның өзінде заңсыз несие беру ұйымдары бар. Ал ашық қоғам қалыптасқан біздің елде олардың саны көп. Бір ғана тыйыммен ешқандай нәтижеге қол жеткізуге болмайды. Бізде несие терідегі «көпіршік» сияқты. Шын мәнінде дерттің түптамыры іште жатыр. Бұл жұмыс істейтіндердің «кедейлік» дерті. Бұл дегеніміз адамның таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін жұмыс істеп, лайықты өмірге ақша жетпеуінде. Елімізде ондай мысалдар көп. Яғни жалақысы аз жұмыстар жетерлік. Ал жалақыны арттыру дегеніміз инфляцияны тездетумен бірдей. Сол себептен осы мәселені шешуде экономикалық себептермен жұмыс істеу керек», — деді Расул Рысмамбетов.

2019 жылы несиесі кешірілген қазақстандықтар тағы да қарыз астында қалды. Бүгінде олардың жартысында проблемалық берешек бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында айтқан болатын.

«2019 жылы несие амнистиясы туралы Президенттің Жарлығы шыққан кезде онда амнистияға іліккен азаматтарға қайта қарыз беруге тыйым салу туралы тармақ болды. Кейін бұл тармақ алынып тасталды. Бұл дұрыс емес еді. О баста бұл амнистия жақсы бастама болған еді. Бірақ кейін сол қарызы кешірілгендерге тағы несие алуға рұқсат етілді. Несиені кешіруге болады. Ол үшін бізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы арнайы заң бар. Меніңше, қазіргі нұсқасында бұл заң әлі шикілеу, ол өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Банкроттыққа өтініш берген азаматтардың 80 пайызының өтініші қанағаттандырылмады. Себебі ақпараттық сүйемелдеу жағы ақсап тұрды. Адамдар оның не үшін жасалып жатқанын, салдары қалай болатынын білмеді. Сондықтан да банкроттықты енгізу үшін ақпараттық жұмыс жақсы жүру қажет», — деді спикер.

Студенттердің ресми табыс көзі болса ғана несие беріледі. Экономист бұл бастамаға қатысты өз ойын білдірді.

«Бәлкім бұл дұрыс та шығар. Себебі кіріс көзі болмаса да адамдарға қарыз беріледі. Бұл оңай. Несиелердің көпшілігі ЖСН арқылы беріледі. Банктер, микрокредиттік ұйымдар табыс көзі жоқ, салық төлемейтін азаматтарға қарыз бермеуі мүмкін. Салық төлесең, несие аласың. Төлемесең, қарыз берілмейді. Бұл дұрыс бастама», — деді экономист Расул Рысмамбетов.

Айта кету керек, осыған дейін 8,5 миллион қазақстандықтыңбанктерге 19 трлн теңге қарызы барын жазған болатынбыз.

Оқылып жатыр

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

Дүйсенбідегі валюта бағамы қандай?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024806 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024537 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Басты тақырып 15 мая, 2025

Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп…

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025

Саясат Нұрбек: Қыздарға сәлем салуды ешкім үйретіп жатқан жоқ

8 мая, 2025

СІМ Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді

8 мая, 2025

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

5 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.