• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Үкімет «Демография министрлігін құруға» қатысты ақырғы шешімін жариялады

Үкімет «Демография министрлігін құруға» қатысты ақырғы шешімін жариялады

22 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шенеуніктер халықтың басына бас қосылуын «қысым» ретінде қарастырып отыр.

Қазақстанда демографиялық өсім баяулай бастады. Еліміз онсыз да халық санының өсу қарқыны жөнінен Орталық Азияда елдерінің ең соңында келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, республика халқының саны 20 075 271 адамды ғана құраған. Биылғы қаңтарда 20 033 546 адам болған еді.

Ресми мәліметке сәйкес, ел тұрғындарының саны 20 миллионға бірнеше ай бұрын, 2023 жылғы 14 қарашада жеткен болатын.

Бұл ретте статистика мамандары қазақстандықтар қатарын жатжұрттықтар көбейтіп жатқанына назар аудартты. 2022 жылмен салыстырғанда, 2023 жылы Қазақстанда тұрақты тұруға келгендердің саны бірден 45,7% өсті. Елімізге былтыр 25 387 адам түпкілікті көшіп келген. Оның көпшілігі – ресейліктер. Қоныс аударушыларының легі артқан ТОР-3 ел арасында Ресей федерациясы көш бастады – 11 711 экс-ресейлік көшіп келді. Өзбекстаннан – 6 519 адам, Түркменстаннан – 1 166 адам отбасы мен болашағы үшін Қазақстанды таңдады.

Ұлттық статбюроның дерегінше, биылғы 3 айда қазақстандықтардың өзінің табиғи өсімі 40 045 адамды ғана құрады.

Демограф Ғалымжан Оразбеков былтыр елді жайлаған өрттер, биыл он бір облысты басқан топан су демографияға ары қарай кедергі келтіреді деп болжады: тасқын екі жүз мыңға жуық қазақстандыққа қатысты болды. Баспанасыз қалған, уақытша пананы, жақын-жұрағатын жағалауға мәжбүр, болашағына уайым жеген жүздеген мың қазақстандық бала туу мәселесін кейінге қалдыруы мүмкін.

Осы орайда бір топ мәжілісмен биыл Үкіметке Демография министрілігін құру туралы бастамамен шыққан болатын.

«Қазіргі уақытта біздің елде демографиялық саясат туралы қабылданған заң да, тұжырымдама да жоқ. Ал демографиялық проблема бар! 32 жыл ішінде біздің халықтың өсімі небәрі 4 миллионға, көршілес Өзбекстанда осы кезеңде халық саны 15 миллионға өсті. Халқымыздың саны аз, тығыздығы төмен, әлем бойынша 184 орындамыз – жеріміздің 100 гектарына 7 адамнан келеді. «Бос жатқан жер жау шақырады» демекші біз демографиялық мәселелерді қалай шешеміз?», — дейді депутат Гауһар Танашева.

Мәжіліс депутаттары Үкіметтің демографияға немқұрайлы, тіпті шошына қарайтынын сынға алды.

Атқарушы билік бұл мәселені шетке ысырған деуге болады. Мәжілісмендердің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде отбасы саясаты мәселелерімен айналысатын жалғыз мемлекеттік орган бар, ол – Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Жастар және отбасы істері комитеті. Отбасылық саясат басқармасында тек 4 адам жұмыс істейді, ал өңірлерде комитет өкілдері мүлдем жоқ. Ең құрыса, осы ведомствоны нығайту керек еді.

Немесе, министрлік болмаса, Өзбекстандағы сияқты, демографиялық өсім мәселелерімен кешенді айналысатын, Отбасы, әйелдер, балалар және демографиялық саясат жөніндегі мемлекеттік комитет құру қажет.

Ұқсас бастаманы Сенат депутаттары да көтерді. Биылғы 20 ақпанда сенаторлар «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбында Үкіметтік сағат өткізіп, оның қорытындысында Үкіметке «Демография мәселелері бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыру» ұсынысын енгізді.

Енді Үкіметтің бұл бастамалардың бәрінен бас тартып, сенаторлардың да, мәжілісмендердің де меселін қайтарғаны мәлім болды. Сондағы дәйектемесі – Демография министрлігін немесе комитетін құрса, ол біріншіден, «негізі жоқ институт» болады, екіншіден, ол нақты тұтынушысы мен түпкілікті нәтижелері жоқ салалық құжаттарды әзірлеумен айналысатын болады.Өйткені қанша бала табатынын әрбір ана мен әке өздері шешеді. Оларға жоғарыдан бұйрық түсіру орынсыз.

«Түрлі мемлекеттік органдар өздерінің салалық бағыты бойынша әкімшілік, экономикалық және басқа да іс-шараларды пайдалана отырып, демографиялық саясаттың тұтас жүйесін қалыптастырады. Бұл тәсіл осы саладағы нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Экономика саласына байланыстырмай, осы жүйеден жеке ведомствоны бөлу – өз қызметі үшін негізі жоқ институт құруға және тиісінше, нақты алушыны және түпкілікті нәтижелерді белгілемейтін салалық құжаттарды әзірлеуге әкеледі», – деді Премьер-министр Олжас Бектенов өз жауабында.

Оның пікірінше, демографияны дамыту мәселелері барлық салалық жобалар мен тұжырымдамаларда көрініс тапқан.

Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігі – туу динамикасы, табиғи өсім және басқа да көрсеткіштер негізінде медициналық инфрақұрылымды қалыптастырады және салалық жобаларды, атап айтқанда, «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруда.

Оқу-ағарту министрлігі – бала туудың демографиялық көрсеткіштері мен балалар санын ескере отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде сапалы білім беру үшін жағдай жасайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – халықтың саны, құрылымы, көші-қон процестері негізінде кадрларға сұраныстың орта және ұзақ мерзімді болжамын айқындайды және Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Ұлттық экономика министрлігі – өңірлік даму мәселелерін, атап айтқанда, ауылдық және қалалық аумақтарды барлық аспектілер бойынша үйлестіреді. Ұлттық статистика бюросының құзыретіне демография саласында статистиканы жүргізу кіреді.

«Осылайша, демографиялық даму саласындағы мемлекеттік саясат –функционалдық бағыттарына сәйкес орталық меморгандардың жұмысына енгізілген. Меморгандар өздерінің салалық бағыты бойынша әкімшілік, экономикалық және басқа да іс-шараларды қабылдай отырып, демографиялық саясаттың тұтас жүйесін қалыптастырады. Бұл тәсіл осы саладағы нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», – деген сенімде О.Бектенов.

«Көп қорқытады, терең батырады» деген халық даналығы бекер емес. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі кезде соғыстар, қарулы шабуылдар негізінен 70 миллионнан аз халқы бар елдерге қатысты жасалады. Мысалы, Украина (бүгінде 25 миллиондай), Израиль (9,8 млн), Палестина (5 млн), Сирия (шамамен 18 млн), Сомали (шамамен 17 млн), Йемен (25 миллионнан астам), Ирак (45 млн) және басқасы.

Сарапшылар осыны да Үкіметтің қаперіне салып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, қазіргі баяу қарқынмен Қазақстан халқының саны 2050 жылы, ғасыр ортасында 27,5 млн адамға әзер жетеді.

Премьер өз жауабында Үкіметтің әлемде, айналада қалыптасқан геосаяси және экономикалық күрделі жағдайды ескеретінін айтты. Бірақ бұл да демографияға жеке министрлік-комитет арнауға негіз бола алмайтын көрінеді.

«Бұл ретте қолда бар демографиялық және экономикалық теңгерімсіздіктерді жоя отырып, экономиканы әртараптандыру жөніндегі жұмыс жалғасады. Осы сын-қатерлерді ескеріп, уәкілетті мемлекеттік органдар стратегиялық құжаттарда қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында демографиялық және көші-қон аспектілеріне ерекше назар аударатын болады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеуде, сонда елдің демографиялық саясаты мәселелері қамтылады. Белгіленген мәселелер бойынша жұмыс жалғасуда және Үкіметтің бақылауында», – деді жаңа Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Алайда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Назарбаев кезінде қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясының орнын басатын «Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында» демографияны «сын-қатер», қысым ретінде қарастырған.

Мысалы, елде адам көп болса, «жұмыссыздық артады, қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымына, мектептерге, ауруханаларға, емханаларға, су, кәріз, электрмен жабдықтау жүйелеріне, көшелерге басыартық салмақ түседі» деп қауіптенеді.

«2018–2023 жылдары Қазақстан халқының саны 1,3 миллионға өсіп, тарихи көрсеткіш – 20 миллионға жетті. Демографиялық өсу елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік көрсеткіштерін арттыру әлеуетін қалыптастырады. Алайда бұл әлеуетті іске асыру – күшейіп келе жатқан «демографиялық қысымды» еңсере алуымызға, өңірлердің дамуындағы сын-қатерлерге, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз етуге байланысты болады», – делінген «Жаңа Қазақстанның» жаңа стратегиясының жобасында.

Бұл жерде реформаларға жауапты агенттік халықтың «демографиялық қысымын еңсеру» деген нені білдіретінін нақтыламады. Мұндай олқылық «Жер ғаламшарындағы тұрғындар санын жасанды реттеп, азайту», «адамзатты жаппай чипизациялау» сияқты «құпия ымыраласу теорияларының» артуына азық.

2029 жылға дейінгі жаңа Стратегияның жобасында агенттік Қазақстан халқының қарқынды урбанизациялануына да үрке қарайды. Небары 5 жыл ішінде қала тұрғындарының саны 10%-ға өсіп кетіпті.

«Қалаларға жаппай қоныс аудару коммуналдық желілер мен сервистік салаларға пропорционалды емес жүктеме тәуекелдерін көтереді. Бұл проблема инфрақұрылымның жоғары тозуы мен жеткіліксіздігіне байланысты одан да өзекті болып отыр: коммуналдық желілердің тозуы 60%-дан асады, тұрғын үймен қамтамасыз етілу проблемасы бар, электр энергиясының елдік тапшылығы өсуде. Білім беру жүйесі де «демографиялық өсу қысымына» ұшырауда. Қазақстанда мектепке дейінгі біліммен қамту жақсаруда, бірақ әлі толық қамтамасыз етілмеген. Сондай-ақ, білім беру сапасын қамтамасыз ету және еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі мәселелерінде проблемалар сақталуда», – делінген құжатта.

Бірақ ол проблемаларды шешудің нақты жолдарын, пәрменді тетіктерін, ұтымды жобаларын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұсынбады.

Үкімет басшысының «демографиялық мәселелерді» шешеді деген «Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары» халық санының өсуіне қатысты үрейге толы. Бәлкім, сол түйткілдердің бәрін кешенді түрде шешу ісін бір жерден үйлестіру үшін де бөлек демография ведомствосын құруға қажет болар?

Бұл енді бастама авторларының – депутаттардың табандылығына байланысты. Олар не мәселені әрі қарай көтеріп, ақыры дегеніне жетіп тынады, немесе Премьердің жауабына бас шұлғып, мәселені ұмыта салады.

Оқылып жатыр

Әлемдік рейтингке еліміздің үш университеті қосылды

Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

Антикор үш жыл бойы іздеуде болған азаматтың мүлкін тәркілеп, шоттарын бұғаттады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024809 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024541 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024507 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Әлемдік рейтингке еліміздің үш университеті қосылды

Ғылым 23 июня, 2025

Жуырда QS World University Rankings 2026 нәтижесі жарияланды. Онда еліміздің үш университеті алғаш рет озық…

Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

23 июня, 2025

Антикор үш жыл бойы іздеуде болған азаматтың мүлкін тәркілеп, шоттарын бұғаттады

23 июня, 2025

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

23 июня, 2025

Сенат жаңа Салық кодексі жобасын Мәжіліске кері қайтарды

23 июня, 2025

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

23 июня, 2025

ШҚО-да үш бірдей браконьерлік топ ұсталды

19 июня, 2025

Мемлекет басшысына Stadler Kazakhstan шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды

19 июня, 2025

Әйел энергиясы

19 июня, 2025

Қамыс өрті — Ақ Жайық экожүйесіне төнген қауіп: экологиялық дабыл ма, маусымдық заңдылық па?

17 июня, 2025

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

17 июня, 2025

«Семей орманы» резерватында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды

16 июня, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді Астанада салтанатты түрде қарсы алды

16 июня, 2025

Астанада «Күй» спектаклінің тұсаукесері өтті

15 июня, 2025

Ақмола облысында тұрғын өз ауласында 900-ден астам қарасора бұтасын өсірген

14 июня, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын «Росатом» жүзеге асырады

14 июня, 2025

Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті: Экономиканың негізгі драйверлері белгілі болды

12 июня, 2025

Ақтөбеде 197 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасы анықталды

11 июня, 2025

Рақымшылықтан кімдер үмітті? Конституцияның 30 жылдығына орай заң жобасы талқыланды

11 июня, 2025

Торғай даласына тағы 7 жабайы жылқы жеткізілді

9 июня, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.