• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ұялы байланыс операторларына заңнама талаптарын күшейту керек – депутат

Ұялы байланыс операторларына заңнама талаптарын күшейту керек – депутат

4 апреля, 2024 Жаңалықтар

Ұялы байланыс нарығын монополиядан арылту шараларын қолға алу керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты.

«Мобильді байланыс күнделікті тіршілігімізге дендеп енді. Алайда ұялы байланыс қызметі тарифінің күннен-күнге қымбаттауы халықтың қалтасын қағып, тынысын тарылтып барады. Тарифтер жыл санап емес, ай санап өсіп келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарлары 2023 жылы 57 пайызға дейін өскен. Ал 2021-2022 жылдары тарифтердің өсуі орташа алғанда 13-тен 37 пайызға дейін болған. Атап айтсақ, 2023 жылдың сәуірінде Билайн «Яркий» тарифтік жоспарын 1790 теңгеден 2490 теңгеге дейін (өсуі 39%), Ксеll мен Теле2 тамыз айынан бастап әртүрлі тарифтік жоспарының өсетінін мәлімдеген. Атап айтқанда, «Реальный безлимит» (Кселл) 3390 теңгеден 4390 теңгеге (өсуі 29 %), «Просто супер» (теле2) 2590 теңгеден 3290 теңгеге (өсуі 27 %) өсті. Ең қызығы, жуырда Актив, Kсеll операторлары тарифке 1 мың теңге, ал арнайы әлеуметтік желілердегі интернетті лимитсіз қолдану үшін тағы 990 теңге үстінен қосып отыр. Сонда бар-жоғы 3390 теңгелік тариф 5380 теңгеге дейін, яғни 59 процентке қымбаттады», — деді Е.Бейсенбаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, елімізде «Байланыс туралы» заңының 20-бабына сәйкес, операторлар байланыс қызметінің тарифтерін негіздей отырып, өздері қояды.

«Осылайша, олардың тарифті тиісті шығындар бойынша өздері қалыптастыруына жағдай жасалып қойылған. Бұл ретте, операторлар тіпті Бәсекелестікті қорғау агенттігін хабардар етуге де міндетті емес. Тарифтің өсетіні туралы бір ай бұрын хабардар етсе болғаны. Агенттік бағаның өсуі күдік туғызғанда ғана оның негізділігін тексеріп, заңсыздық анықталған жағдайда айыппұл сала алады. Оның мөлшері мардымсыз, монополистік қызмет нәтижесінде алынған кірістің небәрі бес пайызы ғана. Өйткені бәсекелестікті дамыту мақсатында Кәсіпкерлік кодекске сәйкес 2017 жылдан бастап байланыс қызметінің тарифін мемлекеттік реттеу алынып тасталған. Сонымен, тарифтердің былайша жөнсіз көтеріле беруіне, біріншіден, заңның жұмсақтығы себеп болса, екінші жағынан — операторлардың нарықта монополиялық жағдайды иемденуіне байланысты», — деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, операторлардың клиентке ескертпестен біржақты тарифтік жоспарды өзгерту, интернет-трафикті ұлғайту, бағасын қымбаттату фактілері жиі кездеседі. Тұтынушылардың шағымы негізінде тиісті министрлік Байланыс қызметін көрсету ережесіне тұтынушылар құқығын қорғау бойынша өзгеріс енгізген. Бірақ ұялы байланыс операторлары мұнымен келіспей, соттасып жүрген көрінеді. Тағы бір мәселе, байланыстың бағасы қымбат болса да, сапасының сын көтермеуі. Байланыс өте әлсіз және интернеттің жылдамдығы тым баяу. Speedtest жаһандық рейтингі бойынша мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 142 елдің арасында 67 орында тұр.

Сонымен қатар елімізде әлі де интернет жетпеген ауылдар бар. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 290 ауыл болса, соның арасында 1,5 мың ауылында мобильді интернет мүлдем жоқ. Ал 902 ауылда тек бір ғана ұялы байланыс операторы бар.

«Осы айтылғандарды ескере отырып, келесі мәселелерді қолға алуды ұсынамын. Біріншеден, Үкімет ұялы байланыс нарығын монополиядан арылту шараларын қолға алуы керек. Екіншіден, ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыру, бүкіл өңір мен ауылдық елді мекендерді толық интернетпен қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс. Осы ретте, мүлдем мобильді интернеті жоқ 1432 ауылға желіні жеткізу бойынша нақты жол картасын даярлауымыз қажет. ҚР Үкіметі ұялы байланыс қызметін көрсету және олардың тарифін белгілеу бойынша тұтынушылардың құқығын барынша қорғау бағытында заңнама талаптарын күшейтетін өзгерістер әзірлеуі қажет», — деді Елнұр Бейсенбаев.

Руслан Ғаббасов-Қазақпарат

Оқылып жатыр

Каспийде итбалықтар қырылды

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Каспийде итбалықтар қырылды

Басты тақырып 18 апреля, 2026

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды, деп…

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

17 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

17 апреля, 2026

Трамп: Израиль мен Ливан 10 күндік бітімге келді

17 апреля, 2026

Оңтүстік Корея туризм саласында рекорд орнатты

16 апреля, 2026

Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

16 апреля, 2026

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті

16 апреля, 2026

Қазақстандағы су есептегіш құралдарына жаңа талаптар қойылды

16 апреля, 2026

Шымкентте интенсивті алма бағына бөлінген қаржы жымқырылды

16 апреля, 2026

Екібастұзда емделушінің достары дәрігер мен медбикені соққыға жыққан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026

Павлодарда келісімшарттағы әскери қызметші қаза тапты

16 апреля, 2026

Елорда мектептерінің бірінде оқушы қыз сынып ішінде газ балонын шашқан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.