Су тасқыны болып жатқан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында егіз сәби дүниеге келді.
Ана мен балалар тікұшақпен аудан орталығына жеткізілді.
Нұра ауылында жүкті әйел мерзімінен бұрын егіз сәбиді босанды. Ауыл дәрігерлері әйелді аман-есен босандырып алды.
Салмағы 2800-3050 грамм болатын екі қыз өмірге келді.
Қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы. Бұл 36 жастағы әйелдің 6-шы жүктілігі екен.
Ырғыз ауданы Нұра ауылында егіз сәби дүниеге келді.
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы