Юлия жарайсың!
Майамиде (АҚШ) теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Юлия Путинцева 1/8 финалға жолдама алды. Үшінші кезеңде Гретье Минненмен (Бельгия) ракетка түйістірген отандасымыз үш сетте (6:2, 2:6, 6:4) есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда Юлия Путинцева енді Ангелина Калининамен (Украина) сынға түседі. Айта кетейік, ерлер жарысында сынға түскен Александр Бублик пен Александр Шевченко қарсыластарына ұтылып қалды.
Юлия жарайсың!
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы