Жапония үкіметі елде қауіпті бактерияның тарауына байланысты дабыл қағуда. Токио жыл басынан бері 400 адамнан стрептококкты токсикалық шок синдромы немесе STSS-тің анықталғанын айтуда. Аталмыш бактериялық инфекция қауіпті саналады және 30 пайыз жағдайды өліммен аяқталады. Жапония билігі аурудың жылдам таралу себебін зерттеуде. NIID жазуынша 2023 жылы Жапонияда 941 адамнан осы індет анықталған. Індет белгілері тұмауға ұқсас. О баста жөтел, қызу пайда болады. Асқынған сәтте өкпе демікпесі пайда болып, тыныс алу қиындайды. Токио індеттің өзге елдерге тарау қаупі барын айтты.
Жапония үкіметі елде қауіпті бактерияның тарауына байланысты дабыл қағуда
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы