• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жапонияда қоқыстан жасалған арал бар

Жапонияда қоқыстан жасалған арал бар

25 марта, 2024 Қоршаған орта

Қоқыс – қолдануға келмейтін әр түрлі заттың қалдықтары. Бұл өзі қайдан келеді? Соған тоқталайық…

Анаң картоптың қабығын ашып, қоқысқа тастайды. Өйткені жеуге келмейді. Осындай қоқыстарды ас қалдығы дейді. Кез келген зат уақыт өте келе ескіреді, яғни өңін жоғалтады. Мысалы, көйлек созылып, жыртылады. Автомобиль, ұшақ пен ғарыш кемесі ескіріп, бұзылады. Түрлі зат шығаратын өндіріс орындарында қалдық қалады. Баспаханада жарамсыз кітаптарды қоқысқа тастайды.

«Егер жарамдылық мерзіміне дейін бұзылса, қайта жөндеп береміз». Кей заттың сыртына осылай жазылады. Енді бірі ескірмей-ақ бұзылып қалады. Дүкеннен алған ыдысың жолда сынып қалуы мүмкін. Әрине, қоқысқа тастаймыз. Табиғат ас қалдығын қайта қорыта алады. Биологиялық қалдықтар жерде жатып ыдырап, шіриді. Уақыт өте келе жердің бір бөлігіне айналады. Бұл механизм адамның ас қорыту жүйесіне ұқсайды.

Үстелге анаңның рұқсаты-мен алма қойып қой. Біраз уақыттан соң алманың сырты қыртыстанып, дақ басады. Шіру процесі де осылай. Мұндай алманы мүлдем жеуге болмайды. Күзде талдан түсетін жапырақ та биологиялық қалдық. «Жапырақ шіріп кететін болса, неге жинаймыз?» дейсің ғой. Қалада көлік көп болғасын жапырақтың бәрі таза емес. Табиғат лас жапырақты қайта өңдеуі мүмкін. Кейін жерге де, бізге де зияны тиеді. Синтетикалық қалдыққа адамдардың қолымен жасалған пластикалық айна, қағаз, бөтелке жатады. Өкініштісі, табиғат барлық қалдықты қайта өңдей алмайды. Алюминий мен консервідегі банка да осылай.

Қайта өңдеу үшін табиғатқа жүз жыл кетеді. Картон мен қағазды адамдар табиғи материалдан жасайды. Сол үшін табиғат бірнеше айда қағазды жойып жібереді. Ең дәмсіз қоқыс – «айна». Топырақты өте жоғары температурада ысытып, айна жасайды. Әйнек қоқыс мыңдаған жыл бойы жата береді. Ал жеміс-жидек, көкөністің қалдықтары «тәтті» қоқыс. Бір айдан соң алма қабығы жердің бір бөлшегіне айналады. Батарейка «дәмсіз» емес, өте зиян. Шіріген кезде табиғат пен адамға қауіпті қосылыс бөледі. Сол үшін қоқыс жәшікке салуға болмайды. Арнайы батарейка өткізетін жерге берген дұрыс. Дүкеннен алатын полиэтилен пакеттің зияны шексіз. Құрамында синтетика бар. Табиғат пакетті жиырма жылда қайта өңдейді. Жәшікке, унитазға тастауға болмайтын қауіпті сұйықтық болады. Бетін мықтап жауып сақтау керек. Сұйықты ішпек түгіл ұзақ иіскеуге болмайды. Ескі телефон, теледидар мен компьютер қауіпті. Техника тек пластик емес, механика. Кейбір металл зәрлі. Сол үшін ескі техниканы арнайы өткізетін жерге апарған жөн.

Адамдар электрондық градусты өлшемді қолданады. Сынап бар грудусник сынса, өте қауіпті металл. Адамға, жануарға да қауіпті. Егер сындырып алсаң, қоқысқа тастама. Бұрынғы заманда қоқыс таситын көлік болмаған. Адамдар қалдықты қайда тастаған?! Машина, ұшақ, телефон жоқ кезде қоқыстың бәрі «тәтті» болатын. Зауыт жоқ, адамдар табиғаттың бергенін пайдаланды. Ыдысты балшықтан, күректі ағаштан жасап, жерде өскен жеміс пен аң аулап өмір сүрді. Ол уақытта қоқысты жерге көміп, өртеп жіберуге болатын.

Уақыт өте келе адамдар кірпіштен үй тұрғызуды, әйнектен терезе жасауды білді. Қоқыста бірге өсті. Адамдар қоқысқа проблема ретінде қараған жоқ. Қоқыс күн өткен сайын көбейе берді… Қоқыс көп тұрса, адамға қауіпті бактерия бөлінеді. Қалдыққа тышқан үйір. Ал тышқан жұқпалы ауруды таратушы. Сол үшін орта ғасырда адамдар көп ауырып, ерте өмірден өткен екен… Ғылым мен техника дамып жатты. Адамдар кітап жазып, жаңалық ашты. Қаладағы қоқысты шығарып тастайтын болды. Ол уақытта «дәмсіз» қоқыс аз болатын. Соңғы жүз жылда ғылым қарқынды дамыды. Өндіріс өскен сайын қоқыс та өсіп отырды. Қоқыстың көп болғаны соншалық, ғарышқа да апаруға болатын еді. Бірақ бұл қымбат әрі қауіпті.

Күнде қанша пакет қоқыс төгесің? Көпқабатты үйде қанша пәтер барын есептеп, күніне екі пакет қоқыс шығарғанда қанша болатынын әкеңмен бірге есептеп көрсең болады…

Қоқысты алдың, өртедің, бітті! Жоқ, достым, бұлай дұрыс емес. Биологиялық заң бойынша ешнәрсе із-түссіз жоғалып кетпейді. Ағаш өртенсе, ауаға түтіні шығады. Қоқыс өртенсе де солай. Егер барлық қоқысты өртейтін болсақ, біз тұншығамыз. Жерге ас қалдығы мен жапырақты көмуге болады. Пластик пен айнаны көмгенмен пайда жоқ. Үйіндіде орын үнемдеу үшін қоқысты тығыздап жинауға болады. Бірақ бұл проблеманың шешімі емес. Синтетикалық қоқысты қайта өңдеп, екінші өмір сыйлауға болады. Қоқысты жоюдың тиімді жолы осы. Оған көп күш пен еңбек керек.

Қайта өңделген қоқыстан велосипед жасап, түрлі сөмке тігуге болады. Қаламның ұшы мен балалар ойын алаңын жасайды. Әжетхана қағазын жасау қымбат. Қоқыстан жасау арзан. Табиғатты қорғағың келсе, әжетхана қағазының сыртында «қоқыстан» деп жазылады. Жұмыртқа салынған қатты қағаз да қоқыстан алынады. Әйнекті екінші рет өңдеп, құрылыс материалы алынады. Стекловата үйдің жылуын сыртқа шығармайды. Сондай-ақ, түрлі мата, киімдер жасайды. Оған пластикалық қалдықты қайта өңдеп, футболка мен куртка жасайды. Спорттық киім шығаратын фирма теңізге тасталған пластикалық бөтелкеден аяқкиім жасаған.

Металдан жасалатын машина, велосипед, кеме, ыдыс жаңаланбайды. Десе де, металды өте жоғары температурада ерітіп, басқа зат алады. Одан металл өзгермейді, жарамдылық мерзімі жоқ. Қағаз бен картон ағаштың қабық астындағы қатты бөлігінен жасалады. Қағазды жинап, макулатураға өткізеді. Оны бірнеше рет қайта өңдеуге болады.

Бір орында тұрмай, қоқыс теріп жүретін адамды тазалаушы дейді. Олар көшеде, сауда орындарында, мектеп пен ауруханада жүреді. Қоқыс жинайтын көлікті жүргізетін шопыр бар. Ол жоспар бойынша әр нүктеден қоқыс жинайды. Қоқысты көзбен көрмей-ақ не жасауға болатынын білетін мамандар бар. Олар жоспар құрып, қай қоқыстың қайда баратынын шешеді. Жүргізушіге жоспарды логистик құрып береді. Олар қаладан қоқысты қалай алып кетуді шешеді. Адам таза әрі біреуді алдамай жұмыс істесе, еңбегі адал! «Лас» мамандық жоқ. Ауланы қоқыстан тазартып, пайдалы жұмыс істеп жүрген адамдар құрметке лайық.

Мұнайды «жердің қаны» деп атайды. Қара май секілді жердің түбінде жатыр. Мұнайдан автомобиль, ұшақ пен кемеге жанармай алынады, пластик жасалады. Өкініштісі, мұнай қайта өңделмейтін табиғат ресурсына жатады. Ол бір күні таусылады. Біз мұнай жоқ болса да өмір сүруді үйренуіміз керек. Қоқысты қайта өңдесек, мұнай ұзақ уақытқа жетеді.

Жақында ғалымдар пластик бөтелкеден жол жасауға болатынын айтты. Әзірге бұл болжам ғана. Таиландта шыны бөтелкеден тұрғызылған шіркеулер көп. Тығыздап жиналған қоқыстан үй, тіпті арал жасауға болады. Мысалы, Жапонияда Одайба деген арал бар. Саяхатшылар бір толастаған емес. Ұлыбританияда қоқыс өңдейтін зауыт бар. Осындай зауыттар барлық жерге қажет. Қоқысты жоюдың бір жолы – қайта өңдеу. Оны дұрыс жинап, дұрыс өңдеу маңызды. Жас дос, қоғамға пайдалы болам десең, қоқыспен күресуді шеш!

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА 

Оқылып жатыр

Каспийде итбалықтар қырылды

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Казгидромет 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Каспийде итбалықтар қырылды

Басты тақырып 18 апреля, 2026

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды, деп…

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

17 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

17 апреля, 2026

Трамп: Израиль мен Ливан 10 күндік бітімге келді

17 апреля, 2026

Оңтүстік Корея туризм саласында рекорд орнатты

16 апреля, 2026

Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

16 апреля, 2026

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті

16 апреля, 2026

Қазақстандағы су есептегіш құралдарына жаңа талаптар қойылды

16 апреля, 2026

Шымкентте интенсивті алма бағына бөлінген қаржы жымқырылды

16 апреля, 2026

Екібастұзда емделушінің достары дәрігер мен медбикені соққыға жыққан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026

Павлодарда келісімшарттағы әскери қызметші қаза тапты

16 апреля, 2026

Елорда мектептерінің бірінде оқушы қыз сынып ішінде газ балонын шашқан (ВИДЕО)

16 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.