Жетісу облысында ақбөкен мүйізін сатушылар 3,5 миллиард теңге шығын келтірген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі департаментінің хабарлауынша, үш қазақстандық азамат ұсталды. Тінту кезінде олардан 1382 ақбөкен мүйізі тәркіленген.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, күдіктілердің іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар үш жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
t.me/stankznews
Жетісу облысында ақбөкен мүйізін сатушылар 3,5 миллиард теңге шығын келтірген
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы