Қызылордада облыстың инфекциялық ауруханасының бас есепшісі кереуеттердің бағасын бірнеше есеге көтерген деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Мамандар мәліметінше күдікті мемлекетке 129 миллион теңге шығын келтірген.
Тергеу материалдарына сенсек, есепші 220 медициналық кереуеттің әрқайсысын 1,2 миллион теңге деп көрсеткен. Ал шын мәнінде 460 мың теңге тұратын жабдықты үш есеге қымбатқа сатып алған көрінеді. Бағаны негіздеу үшін жұбайының атына тіркелген фирмадан жалған баға ұсыныстарын ұйымдастырып, құжаттарға қол қойған.
Осылайша, барлығы 259 миллион теңгеге жалған келісім жасалып, соның ішінде 129 миллион теңгесі – негізсіз артық төленген сома екені анықталды. Ал жымқырылған қаржы мемлекетке қайтарылып жатыр дейді мамандар.
“Негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңгені құрады. Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді”, — дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынған.
(Фото: Медспрос сайтынан)
