• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024 Қоғам
Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз
Рамазан айының басталуы, оразаның пайдасы мен оны бұзатын әрекеттер туралы толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
Мұсылман күнтізбесіндегі қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Оның ерекшелігі сол – мұсылмандар бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан айында мың айдан да қайырлы Қадір түнін қарсы алады.
Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық, сабырлық пен кешірімділік айы.

Ораза қашан басталады

2024 жылы ораза 11 наурызда басталады. Яғни мұсылмандар 11 наурызға қараған түні сәресіне тұрып, ауыз бекітеді.
Ал 9 сәуір – Рамазан айының соңғы күні.
2024 жылғы діни мерекелер күнтізбесі 

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
2024 жылғы діни мерекелер күнтізбесі
© Sputnik
Барша мұсылман үшін оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.
Қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

Ораза кімдерге парыз

Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.
Алайда қасиетті айда мына адамдарға ораза тұту міндет емес. Олар:

жолаушылар;

науқас адамдар;

жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдер.

Сәресі мен ауызашарда оқылатын дұға

Ораза ұстауға ниет еткен мұсылмандар сәресіде «Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім» дейді.
Ал ауызашар кезде «Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре көр!» дейді.

Оразаны не бұзады

ораза ұстағанын біле тұра ішіп-жеу;

темекі тарту, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;

аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;

әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);

себепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық затты әдейілеп жеу.

Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.
Каффарат дегеніміз – Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз бұзып жіберген жағдайда екі ай ораза ұстау, егер оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандыру.

Оразаның пайдасы

Жалпы оразаның адамның тәні мен жанына, рухани өміріне пайдасы зор. Ең алдымен, мұсылман баласы ауыз бекіту арқылы Аллаға бойұсынуды үйренеді. Оразаның көмегімен бойындағы жағымсыз қасиеттер мен әдеттерден арылады.
Ораза адамды сабырлық пен төзімділікке тәрбиелейді, өз нәпсісімен күресуді үйретеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ораза – сабырдың жартысы» деген.
Ораза адамның зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Пенденің бойында мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдерін оятып, жетім-жесірге қол ұшын созуға тәрбиелейді. Рамазанда берілетін пітір садақа, ауызашар дастарханы, қайырымдылық бағытта жасалған барлық амал мұсылмандардың бір-біріне деген мейірімі мен сүйіспеншілігін арттырады.
Бұдан бөлек бір ай бойы ораза тұтқан адамның ағзасы артық және зиянды нәрселерден тазарады.
Рамазан – шүкіршілік айы. Ораза, тіпті, бір жұтым су мен бір үзім нанның қадірін сездіреді.

Оқылып жатыр

Жетісу облысында баласын ұрған әйелді сот мәжбүрлі емдеуге жіберді

Немересі әжесінің 3 млн теңгесі мен әшекейлерін ұрлап кеткен

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмеді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Германиядағы бұрынғы бас дәрігер Нигер елінде патша атанды

Әлем 18 февраля, 2026

Астана. 18 ақпан. BM.KZ — 20 жылдан астам уақыт Рендсбург қаласында клиниканы басқарған доктор Иссифи…

Украина Ресейдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының біріне соққы жасады

18 февраля, 2026

Жетісу облысында баласын ұрған әйелді сот мәжбүрлі емдеуге жіберді

18 февраля, 2026

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан сүрінбей өтті

18 февраля, 2026

Елена Рыбакина Дубай турнирінің үшінші айналымына шықты

18 февраля, 2026

Немересі әжесінің 3 млн теңгесі мен әшекейлерін ұрлап кеткен

18 февраля, 2026

Синоптиктер күн райына байланысты ескерту жарияланды

18 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 18 ақпандағы жарыс кестесі

18 февраля, 2026

Алматыда алғаш рет нейростимулятор орнату бойынша ота жасалды

17 февраля, 2026

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмеді

17 февраля, 2026

АҚШ-та мектептегі хоккей ойынында атыс болып, екі адам қаза тапты

17 февраля, 2026

Ақтауда атыс жаттығулары кезінде сарбаз көз жұмды

17 февраля, 2026

Желідегі даудан кейін Burger King басшыларының бірі уақытша қызметінен шеттетілді

17 февраля, 2026

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

17 февраля, 2026

Танымал актер, Оскар сыйлығының иегері Роберт Дюваль өмірден өтті

17 февраля, 2026

17 ақпанға ауа райы болжамы

17 февраля, 2026

Қазақстандағы энергия тапшылығы 2027 жылы жойылады

17 февраля, 2026

Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды

17 февраля, 2026

Непал Эверестке шығуға лицензия беруді тоқтатады

17 февраля, 2026

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 17 ақпандағы жарыс кестесі

17 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.