• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026 Жаңалықтар
Фото: Әдия Әбубәкір

Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Кассациялық сот Салтанат Нүкенованың өлімі ісінде аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Kazinform.

Сот процесінде адвокаты Әлібек Секеров Байжановтың бұрын сотталмағанын, оң мінез құлқын, кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін және отбасының жалғыз асыраушысы екенін, сондай-ақ, марқұм жәбірленушіге дене жарақатын салмағанын алға тартты.

– Сот ҚР Қылмыстық Кодексі 55-бабының, 2-тармағы, 2-тармақшасына жүгінді. Бұл норма жоғары жазаны тағайындауды ғана емес, нақты жағдайларға байланысты жазаны төмендетуді де қарастырады. Демек, жазаны ауырлататын факторлардың жоқтығы, керісінше, жеңілдететін себептердің болуы аталған норма бойынша жазаны төмендетуге негіз бола алады, — деді Әлібек Секеров.

Сол себепті, сотталушының қорғаушы тарапы бас бостандығынан айыру жазасының мерзімін қысқартуды немесе ҚР ҚК-нің 63-бабы «Шартты соттау» жазасына ауыстыруды сұрады.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Омарова Байжановтың оқиға орнына 10:20-да келіп, жедел жәрдем қызметіне кешке ғана хабарласқанын, күні бойы аса ауыр қылмысты жасыруға тырысқанын еске салды. Сонымен қатар, алғашқы инстанция соты шешімді дәлелденген айып негізінде шығарғанын мәлімдеп, сотталушының кассациялық сотқа түсірген шағымын қанағаттандырмауды сұрады.

Прокурор Асқарова да сот үкімін өзгеріссіз және сотталушы адвокаттарының шағымын қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

– Сот жаза тағайындағанда, жасалған қылмыстың ауырлық деңгейі мен қоғамға қаупін, сотталушыға қатысты жеке деректерді, жазаны жеңілдететін жағдайлардың бар екенін және ауырлататын себептердің жоқтығын толықтай ескерді. Осылайша, жаза ҚР ҚК 52-бабына сәйкес және 55-баптың 2-тармағындағы талаптарды ескере отырып, тағайындалды. Ол әділ және жасалған қылмысқа сай, — деді ол.

Судья Сералин сотталушының қорғаушыларын және зайыбы Айнұр Күлдееваны, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді және оның адвокаттарын, сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушыны тыңдай келе, Байжановтың жазсын өзгеріссіз қалдырды, кассациялық сотқа түскен шағымды қанағаттандырған жоқ.

– Байжанов аса ауыр қылмысты алдын ала жоспарламай жасыру бойынша кінәлі деп танылды. Сот сотталушының Нүкенова қайтыс болғаннан кейін, аса ауыр қылмыс жөнінде біле тұра, оның ізін жасыру шараларын атқарғанын анықтады. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне мейрамханаға кіруге кедергі келтірді, VIP-бөлмеге кіретін жолды жауып тастады, мейрамхананы жапты, мейрамхана қызметкерлерін таратып жіберді, бейнебақылау камераларындағы видеожазбаларды жойды, мейрамханадағы бейнебақылау камераларын сөндірді, Нүкенованың телефонын басқа жерге апарды, мейрамханаға бірнеше рет әйел адамның киімін алып келді. Осылайша, аса ауыр ауыр қылмысты алдын ала жоспарланбаған күйде жасыруға тырысты. Сотта айыптаулар дәлелденген, үкімнің негізі бар, — деді судья.

Бұл ретте, 2025 жылдың тамыз айында Байжановқа Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасалды.

Оның жаза мерзімі үштен бір бөлікке, яғни бас бостандығынан айырудың 1 жыл 4 ай 17 күнге қысқартылған.

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова сот шағым

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.