• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

2 июня, 2026 Басты тақырып
Фото: Gov.kz

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған жоқ.

Ұлттық тестілеу орталығының комплаенс-офицері Ғалымжан Мұхамедьяров Ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ-ның барлық қатысушылары үшін адалдықты, ашықтықты және тең жағдайларды қамтамасыз етуді қолдайтынын атап өтті.

– ҰБТ – әрбір отбасы үшін үлкен сынақ. Әр түлектің артында айлар бойғы дайындық, мұғалімдердің еңбегі мен ата-ананың үміті тұр. Сондықтан біздің басты міндетіміз – тек өз біліміне сенген адал қатысушылардың құқығын қорғау. Осы мақсатта тестілеу пункттерінде бақылаудың бірнеше деңгейі қарастырылған. Кіреберісте металл іздегіштер және тұлғаны тану жүйесі (Face ID) жұмыс істейді. Бұл бөтен адамдардың кіруін және тыйым салынған заттарды алып өтуді блоктайды.

Аудиторияда үздіксіз бейнебақылау жүргізіледі. Барлық процесс ел бойынша бір мезетте ахуалдық орталықтан қадағаланады. Сондай-ақ сыртқы ортамен байланысты шектейтін техникалық шаралар қабылданған. Жүйеге араласу немесе белгіленген тәртіпті бұзу әрекеттері тіркеліп, тексеріледі, — деді Мұхамедьяров.

Оның айтуынша, ҰБТ басталғалы бері 283 ереже бұзушылық анықталған. Соның ішінде 168 адам кіреберістегі бақылау кезеңінде тестілеуге жіберілмеді. Тағы 115 қатысушы ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру (жалған адам кіргізу) дерегі анықталған жоқ.

– Тексеру ҰБТ аяқталғанмен бітпейді. Барлық бейнежазбалар 6 ай бойы қосымша талданады. Егер ереже бұзушылық кейін анықталса, нәтиже жойылады. Бұл ереже грант тағайындалып қойған жағдайларға да қатысты. Ешкім де алдау арқылы артықшылыққа ие болмауы тиіс. Грантты тек өз білімін дәлелдеп, бұл нәтижеге адал еңбегімен жеткен талапкер алуы керек.

Біз тек талапкерлерді емес, орталық қызметкерлерін де тексереміз. Заңсыз көмек көрсеткен немесе ереже бұзған қызметкерлер қатаң жазаланады, қажет болса материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Біздің мақсатымыз – тек техникалық емтихан өткізу емес, қоғамның, ата-ана мен түлектің сенімін сақтау. Әділ емтихан – балаларымыздың жарқын болашағының кепілі.
Барлық талапкерлерге сәттілік тілеймін! Тек білімге сеніңіздер, — деп қорытындылады Мұхамедьяров.

Егер сізге тестілеу барысында орын алған ереже бұзушылықтар туралы мәлімет белгілі болса, оны ҰТО-ның комплаенс қызметіне +7 (7172) 57 59 51 нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

білім оқушы тестілеу ҰБТ Ұлттық тестілеу орталығы ҰТО

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.