• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024 Қоршаған орта
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, жарты ғасырға жуық уақыт Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының тұрғындарына тегін ауру сыйлап, қолқаны қапқан сасық ауасымен, өктем қарым-қатынасымен шарасыз күйге түсіріп келе жатқан «Алель-Агроның» жыры бітер емес. Тауық өлекселерінің иісімен тұншықтырған фабрика кінәлі ме? Рұқсат берілген жерге көшіп келген халық кінәлі ме?

Жанайқайын айтып, ашынған ауыл халқының сұрағына жауап іздеп, мәселені мемлекеттік деңгейде көтеріп жүрген «Байтақ» жасылдар партиясы1 тамыз күні сағат 11:00-де Бәйтерек ауылы Бағдаршам саяжайында «Бәйтерек ауылының атмосфералық ауасын аяусыз ластаған «Алель-Агро» атты жиын өткізді. Шараға 150-дей адам жиналды. Олардың қатарында ауыл тұрғындары, Алматы қалалық «Байтақ» партиясы, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының мәслихат депутаттары, филиал басшылары, экология департаменті, аудан, округ әкімдері, прокуратура қызметкерлері қатысты. Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары да арнайы шақыртудан кейін қатарға қосылды. Шараның басты мақсаты – құс фабрикасында қолданылған тауықтың қалдықтарынан ластанған ауаның мәселесін көтеріп, тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ортақ шешімге келу.

Мәселенің мән-жайы сонау 1979 жылдары құрылған құс фабрикасынан басталған-тұғын. Фабрика ашылған тұстағы заң бойынша оның айналасында ешқандай елдімекен, тұрғын үйлер болмау керек.

– Өзім 2012 жылы осындағы фабрика маңынан үй сатып алдым. Үйімнің заңды құжаты бар, ресми тіркелген. Ауаны ластағанына байланысты айыппұл төлеген, төлемегенін білмеймін. Осы күнге дейін де халық қанша наразылық танытқанмен, фабрика басшысына, тіпті, әкімдердің сөзі өтпейді. Аға-көкелері немесе мықты тірегі бар секілді. Әйтпесе, аудан әкіміне, ауыл әкіміне қаншама рет арыз жаздық. Аудан басшысы тиісті шараларды қолға аламыз, фильтр қойып, иісін бәсеңдетеміз деп уәде берді. Алайда ауыл тұрғындарының еңбекақысы осындай ірі кәсіпорындардың төлеген салығымен реттелетінін айтып, олардың жұмысын тоқтата алмаймыз деп бір тоқталды. Себебі фабрика ауылдың өзінен бұрын бірінші құрылған.

Менің көшіп келгеніме 12 жыл толыпты. 12 жылдан бері бұл иіс бар. Әйтеуір, қарсылық танытып, бір күні болмаса бір күні реттелер деп келеміз. Бірақ биылғы көктемнен бастап ауаның иісі адам төзгісіз сасып, күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге, тыныш ұйықтауымызға да кедергі келтіріп отыр. Нақты ненің иісі екенін де білмейміз. Тауық балапандарының өлекселерін өртейді ме, әлде сол жиналған өлекселердің иісі ме, жоқ, олардың саңғырығы ма, белгісіз. Ауылда қаншама адам ауру болды. Жаз кезінде екі бастан есік-терезені аша алмай қалдық. Терезе ашсақ, иіс үйдің ішіне кіріп, сіңіп қалады. Сасық иіс қолқаны қауып, көшеде жүру де мүмкін болмай барады, – дейді ауыл тұрғыны Саму Қуаныш.

Қарсылық жалғасын тауып, кейіннен шарасыздықтан күйінген әйел кісілер де топтасып, фабрикаға қарсы сотқа арызданған. Алайда фабриканың адвокаттары оларға заң бойынша тұрғын үй салынбауы тиіс жерге үй салып, қызыл линиядан өткендерін, қажет болса, үйлерін тартып алатынын тілге тиек еткен.

Тұрғындардың талабына сай толықтай тексеріс жасаған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бөлімінің айтуынша, иіс пен қоқыс бекітілген нормадан аспаған. «Ауруын жасырған өледі» дегендей, тұрғындар тексерістің жауабына сенбейді. Фабрика басшысының тілегіне сай, жылы жауып қоя салып отыр деген болжам бар.

Айта кетейік, Алматыдан 30 км қашықтықта саяжайлар орналасқан ауылға газ да, су мен элекр жарығы да қосылып, балалар үшін арнайы мектеп те жұмыс істеп тұр. Бірақ бұл жайт ауыл тұрғындарын әбігерге салғаны соншалық, олар не көше алмай, не өзі сатып алған үйінде тұра алмай, қынжылып келеді.

– Ашылған кезінен фабрика жайлы хабардармыз. «Алель-Агро» республикалық деңгейдегі ірі масштабтағы құс фабрикасы болғандықтан оның жанында ешқандай үй, елдімекеннің салынуына рұқсат жоқ-тұғын. Арада қанша әкім ауысты, қаншама басшылық келді. Ауылдың бой көтеруі – бір ғана аудан әкімінің шешімі емес. Сол кездері жоғарыда министрлікте отырған, адамға жаны ашымайтын ірі басшылар фабриканың жанына ауыл тұрғызуға заң шығарған. Осылайша рұқсат бар болғандықтан алыс-шалғайдан, жақын жерлерден қаншама отбасы көшіп келіп, үй тұрғызды, ресми құжаттарын алып, тіркеді. Бірақ заңға сеніп, көшіп келген халықтың кінәсі не?

Жағдай күннен күнге ушығып барады. Бізді қойшы. Сүрер өмірімізді сүрдік, біріміз ата, біріміз әже болып өзімізге тиесілі берекені де, мерекені де көрдік. Алайда бүгінгі ұрпақтарымыз, ертеңгі қазақтың болашағының өмірі қалай болмақ? Қазір ауылда екі адамның бірі аллергия. Жөтел де, аллергия да, басқа ауру да көп. Тұрғындар үйіне қонақ шақырудан да қалды. Үйге келген кісі ұзаққа шыдап отыра алмайды. Ал үйді сатып, көшіп кетейін десек, ауаның жайын білетіндіктен ешкім алмайды. 1500-дей оқушы мектепке барады. Кезінде маңдай термен тапқан қолда бар ақшасына жер де, үй де сатып алған халық енді шарасыз күйде. Сонда «Бәйтерек» ауылындағылар қайда көшпек? Қазақстан жерінің көлемі бойынша 9-ыншы орында деп кеуде соғып, мақтанғанды жақсы көреміз ғой. Халықтың өзі тұратын жер таппай, экологияның нағыз өзегіне келіп қоныстанғанда осынша кең жердің не керегі бар? Тәуелсіз, өз елімізде тұрып жатсақ та, экологияны жұтып отырған да – қазақ, үйі жоқ, бейшара да – қазақ, заңды білсе де, құқығын қорғай алмайтын да – қазақ, – дейді зейнеткер Сәуле Мұқашбекова ашынып.

Тұрғындардың тіршілік тынысының жақсаруына титімдей болса да үлес қосып, экологиялық мәселелерді шешуді адамзатқа ортақ парыз санайтын «Байтақ» жасылдар партиясының атқарушы хатшысы Нұрлан Көптілеутегінің айтуынша, жиынның нәтижесінде аудан әкімдігінің жанынан осы мәселеге арналған комиссия құрылып, мәселе іс жүзінде шешімін тапқанша партияның бақылауымен жоспарлы шаралар қолға алынатын болды. Сонымен қатар комиссия құрамына партия өкілдері, жергілікті әкімдік пен қарапайым тұрғындар да еніп, тұрақты түрде көзқарастарын білдіріп отырмақ.

Дина Бөкебай

Оқылып жатыр

Алакөлге апарар жол қалай?

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024806 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024537 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шерзат ісі: Тоқтаубаев мінген көліктен қандай айғақ табылды?

Жаңалықтар 22 мая, 2025

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде…

GPS қолданбайтын жүргізуші

22 мая, 2025

Алакөлге апарар жол қалай?

22 мая, 2025

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

15 мая, 2025

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.