• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024 Қоғам

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

Мына кең далаға қарашы!? Қазақтың даласы. Жеті атасынан бермен қарай емес-жетпіс жеті атасынан келе жатқан Дешті Қыпшақтың ат сауыры терлеп, терілігі терге малшынып жүріп қорғап қалған даласы! Осы далада үн бар, тыңдап құлақ сал; жырлағын келмейді, жылағын келеді, боздаған ащы үн! Жетімнің үні. Жиырма бес мың жетімнің..! Шетел асып сусылдаған доллардың сайқал күлкісімен сатылған шерлі жетімдер! Атаңа нәлет тексіздер, имансыздар, құдайсыздар, Отаның сатып жатқандар. Бізде бәрі сатылды. Көл сатылды, шөл сатылды, дала сатылды, жер сатылды. Бәрі сатылып болған деп отырсақ, сонау алпыс қырдың ар жағынан ащы үн шығады. Шетел асқан 25 мың баланың үні..! Сылдырлап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай ғажап заманда өмір сүріп жатырмыз деп кеуде керіп жүрсек, құдай атқырлар, жетімдерді сатып жіберіпті. Бізде бәрі бар, байлық бар, барлығы қазақтың еншісінде деп гәпіріп кеуде кердік. Қыртып жүрдік. Қыртқанның жөні осы екен деп.

Өткенде АҚШ -тан Қазақстаннан бала асырап алған бір отбасы сөйлеп жатыр.
-Қазақстаннан қыз баланы,Алматыдан алдық. Сол кезде таксиге отырып ұшаққа билет алуға келе жатқанда, такси жігіт, кішкентай қызды көріп еңіреп тұрып жылады,-дейді. Намысы бар жігіт қой. Намысы жоқтар билікте отырады. Министр, депутат, әйтеуір лауазымға ұмтылады. Такси жігіт, күнкөріс үшін далада жүр, бірақ кеудесінде қазаққа деген махаббаты бар, бірақ үні шықпайды, шықса қамалады, сотталады, қуғынға түседі. Баласын, қаны бір қарындасты ақшаға сатқан арсыздарды Құдай атады. Олар, бірақ Құдай-ға сенбейді. Тамұқ пен пейіш бар. Алла бар десе, жай сол құлағымен тыңдауы мүмкін, бірақ жүректерінде тырнақ ұшындай иман жоқ. Имансыз адам хайуан итпен бірдей, байып, қалтасы қаржыға толса болды. Оған Отан. Оған намыс. Оған Қазақ емес — ДОЛЛАР қымбат!..

Енді-енді жараның беті тырналып, шетел асқан жетімдер зарлап ата-анасын іздеп жатыр. Жетімдер үйінен кеткендер. Барлығы қаракөз. Басқа ұлттың баласын сатпаған. Өзімізді сатқан. Қоғамның ең әлсіз мүшесі баланы. Сол баланы, жат біреудің қолына беріп, шекара асырып жатқандар ойланды ма екен!? Мынау бәлкім «ұлы ғалым шығар», бәлкім ертең маңдайы жарқыраған классик тұлға шығар деп. Біздің жағымпаздығымыздан, жәдігөйлігімізден осындай жетімді сыртқа бердік. Ащыны айта алмаймыз. Тұшыны жақсы көреміз. Өтірікті бал қыламыз, шындықты шәуілдетіп ит қыламыз. Бірлі -жарым шындықты айтқандар «көмексіз болса ер жігіт, жалғыз теңдік таба алмас» деп бармағын шайнап, құсаланып жүр! Сұңқары өліп, қарғасы төбесінде қиқулап, елдің сәні кеткен. Мінбедегі ағалар, көкелер мың күндік қазақтың тағдырын ойламай, түстікпен келе жатыр:
Бұл балаларды кім сатты?

Баласының баласының басына келсін!
Бұл балаларды кім сатты?

Өзі мүгедек арбасына таңылып, зар қақсын!

Бұл балаларды кім сатты?

Бір жұтым суға зар болсын!

Бұл балаларды кім сатты?
Өлмесін, көрге кірмесін, дүниенің сұлулығына қарап өлімтік боп зар қағып жатсын!..

P.S Баяғыда балабақшада аспазшы болған, бір кемпірдің қолы дірілдеп, өз денесіне өзі ие бола алмай, ас іше алмай отырады екен. Сонда, жаңадан түскен келіні:-Апатай-ау, қолыңыз неге сонша дірілдей береді?-деп сұрапты.
-Е, айналайын келін шырақ, басын жас, ғұмырын алдында, ешқашан баланың ырыздығына қолында салма, балабақшаның балаларына тамақтың сылдырын беріп, қою тамақты ұрлап үйге тасып едім, міне қолымның дірілдегеніне он бес жыл болды, алдыма келген асты, қасықты шайқап, өзім дірілдеп отырып әрең ішем -деп зар қағыпты.

Қазақтың тірлігі үмітінде, бірақ үміті өз қолында емес! Бит пен бүрге, қанден мен қорқаулардың қолында, сосын барып, жетімі шетел асып кетті. Бейбарысты тағдыры айдаса, бұл жетімдерді жаттың қолына беріп, көсеуі ұзындар отқа тастады. Кешір бізді жәудіреген жетім құлындарым! Кешір..!
Қауқарсыз қазағым үшін, тізерлеп тұрып кешірім сұраймын, сен менің бетіме түкір!!!
Бірақ КЕШІРМЕ!!!

Жеңіс Оспанов

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.