Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2023 жылы 111,3 млрд АҚШ долларын құрады
Оның ішінде, экспорт – 67,6 млрд АҚШ доллары, импорт – 43,7 млрд АҚШ доллары. ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаевтың мәліметінше, шет елдер арасында Қытай елімен тауар айналымы ең жоғары.
«Екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд АҚШ долларын құрады», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.