Қазақстанда жыл басынан бері 351 адам көкжөтелмен ауырған. Негізінен егілмеген балалар (320 бала) ауырып жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті “Власть” сайтына жіберген ресми жауабында осындай мәлімет келтірген.
Ресми мәлімет бойынша, былтыр көкжөтелмен ауырған шамамен 400 адам тіркелген. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 3 ғана болған.
Көкжөтел – жұқпалы тыныс ауруы. Оған шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, тұмауратады, жөтеле бастайды. Мамандар екі жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті екенін айтады. Оған қарсы екпе тиімділігі – 85-100 пайыз.