• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Наурызкөженің денсаулыққа қандай пайдасы бар

Наурызкөженің денсаулыққа қандай пайдасы бар

16 марта, 2024 Жаңалықтар

KAZINFORM – Қоғамның мәдени-тарихи мұраларға деген ықыласы заман келбетіне тікелей әсер етеді. Мысалы, салауатты тамақтануға көшуге қатысты трендтер тек табиғи ингредиенттер қолданылатын дәстүрлі қазақ тағамдарына деген ықыласты арттырды. Нутрициолог маман Елена Ушанская дәстүрлі тағам Наурызкөже мен құрттың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін айтып берді.

Оның айтуынша, Наурызкөжедегі барлық жеті түрлі тағам бір-бірімен жақсы үйлеседі және бірге пайдалы және қоректік өнім болып шығады.

«Бұл тағам жоғары биологиялық құндылығымен ерекшеленеді және гиповитаминоздың алдын алу мақсатында барлығына ішуге кеңес беріледі», – дейді Елена Ушанская агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Маманның айтуынша, Наурыз көже құрамындағы дәнді дақылдар күш-қуат береді, жүйке жүйесі мен жүректің жұмысына пайдалы әсер ететін В тобындағы дәрумендер көзі болып саналады. Ал ет құрамында толық ақуыз, майлар, темір, мырыш, мыс секілді минералды элементтер, суда және майда еритін дәрумендер бар.

«Бұл тағамның қуырылмайтыны, керісінше қайнатылатыны оны анағұрлым диеталық тағам етеді», – деп толықтырды сарапшы.

Сондай-ақ, ингредиенттер арасында сүт немесе ашытылған сүт өнімдерінің болғандықтан, Наурызкөже – тез бұзылатын тағам, сондықтан оны сақтауға белгілі бір талаптар қойылады. Біріншіден, тағамды сақтау кезіндегі температуралық режим 6С-тан аспауы керек. Екіншіден, бір күннен артық сақтауға болмайды.

Ал Наурыз көжеге жиі қосылатын құртты кальций мен ақуыз концентраты ретінде қарастыру керек. Ондағы ақуыз ағзаға жақсы сіңеді, ал кальций сүйектерді, тіс эмалін нығайтады және жүрек ырғағының электр өткізгіштігін, жүйке импульстарының берілуін жақсартады.

«Құрттың құрамында көптеген дәрумендер мен минералдар бар және ол ас қорытуға да жақсы ықпал етеді. Бірақ қан қысымы жоғары, бүйрек ауруы, лактозаға төзбеушілігі бар адамдарға құрт жеуге кеңес бермейміз. Өйткені тұздың көп мөлшерінен ісіну пайда болады», – деп түсіндірді нутрициолог.

Елена Ушанская көктемде қалай дұрыс тамақтану керектігін айтты және қатаң диеталар ұстануға болмайтынын, өйткені ағзаға витаминді көптеп қабылдау керегін жеткізді.

«Сондықтан көктемгі рационды мүмкіндігінше әртүрлі ету керек. Мұнда әрине, Гарвард табақшасы немесе дұрыс тамақтану табақшасы принципін қолдануға кеңес беремін. Сондай-ақ, бағдаршам ұстанымын қосу ұсынылады. Яғни, диетада түрлі түсті тағамдарды, көкөністерді, жемістерді көп қолданып, күнделікті диетаға қосу керек. Осылайша адам табиғи дәрумендерді алады», — деп түсіндірді нутрициолог.

Анықтама: Гарвард табақшасы принципі – диаметрі 23-24 см болатын жалпақ табақты үш шартты бөлікке бөлу керек. Табақтың жартысын көкөністермен, қалғанын ақуыз өнімдерімен және дәнді көмірсулармен толтыру қажет.

Дәрігер-нутрициолог Д витаминінің деңгейін бақылауды, таза ауада көбірек серуендеп, спортпен айналысуға да кеңес береді.

Оқылып жатыр

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы Бостандық ауданында, Сәтбаев пен Желтоқсан…

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.