Алматының бұрынғы әкімі өз меншігіне шығарып алған 50 сотық жер мен ондағы ғимарат мемлекетке қайтарылды
Бұл жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігі. Алматы қаласының прокуратурасы сот арқылы даулап, кезінде жасалған келісімнің күшін жойды.
«Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды», — делінген хабарда.
Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.