Назарбаев университетінің экс-ректоры қызметінен «саяси қысым көрген соң кеткенін» мәлімдеді
Шигео Катсудың айтуынша, университеттегі өзгерістер 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін іле-шала басталған.
Катсу «University World News» басылымына берген сұхбатында отставкаға кету себептері туралы айтып, өзіне қарсы шабуылдар ұйымдастырылғанын мәлімдеген.
Катсудың айтуынша, университеттің академиялық еркіндігі мен институционалдық дербестігіне қауіп төніп тұр. Ол былтыр күзде саяси қысымның салдарынан отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Ол әлі де университеттің қамқоршылық кеңесінің мүшесі екенін жеткізген.