Енді қазақстандықтар құмар ойынға қарсы өз бетінше шектеу қоя алады
Ол үшін құмар ойынға қатысуды 12 айға дейін ерікті түрде шектеу туралы өтініш беруі керек.
Қызметті пайдалану үшін телефоныңызда мобильді қосымша және электронды қолтаңбаңыз болуы тиіс.
Бұл барлық лицензиясы бар ойын мекемесіне және букмекерлік кеңсе сайтына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.