Балаларға ораза ұстауға бола ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі де жауап берді
Министрдің айтуынша, баланың денесі метаболизмнің жоғарылауына байланысты тез өседі және энергия шығыны өте жоғары. Сондықтан, берген энергияны дер кезінде толықтырып отыруы керек.
«Баланың денсаулығы мен оның болашақта тұлға болып қалыптасуына уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтану өте маңызды. Балаларына ораза ұстауға рұқсат беруді әрбір ата-ана өзі шешеді. Бұл жағдайда баланың жасы маңызды. Ол 16-17 жасқа дейін толыққанды тамақтануы керек, яғни, барлық мүшелері толық қалыптасқанша», – деді Ақмарал Әлназарова.