Жасөспірімдерді нашақорлықтан, вейпингтен, лудоманиядан қорғау: жол карталары мен жоспарлар іске асырылуда
ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, аталған құжаттарды іске асыру аясында мынадай шаралар қабылдануда: біріншіден, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін әдеттерден қорғау тақырыптары білім беру бағдарламаларына енгізілді; екіншіден, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспарларына полиция және медицина қызметкерлерінің қатысуымен білім алушылар арасында түсіндіру-ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі шаралар енгізілді.
«Бұл жұмысқа 90 мың маман, 8 мыңнан астам педагог-психолог және 4 мың әлеуметтік педагог тартылды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Үшіншіден, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспарларына психоактивті заттар мен вейптерді пайдаланудың алдын алу жөніндегі шаралар да енгізілді. Оқу жылының басынан бері 3 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді: акциялар, челлендждер және т. б.
«Төртіншіден, оқу-ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің бастамасы бойынша «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» жобасы іске асырылуда, оның мақсаты – оқушылардың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту, оларды жаман әдеттерден қорғау мақсатында балаларды, ата-аналарды және мектеп әкімшілігін қатыстыру», – деп түсіндірді оқу-ағарту вице-министрі.