Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша:
Ауылдық жерге жас мамандарды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бюджеттік кредит мөлшері 1 500-ден 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды.
2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 524 млрд теңге бөлініп, 1,8 мың тірек және спутниктік ауылдарда 5,4 мыңнан астам жоба іске асырылды.
Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысанды және 3 мыңнан астам ауылішілік жолдарды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.
Бағдарлама бойынша биыл республикалық бюджеттен 179 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарлануда.