Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Билал Дурдалының басшылығымен келген шетелдік делегацияны қабылдады.
Оның құрамында қорғаныс ведомствосының, Қазақстандағы Түркия Елшілігінің және қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өкілдері бар.
Кездесу барысында тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы қарым-қатынастың аспектілерін талқылады.