Жалғас Түкешов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Жалғас Түкешов бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 10 жылдан бері әуесқой бокста бапкерлік қызмет атқарады. Сондай-ақ 8 жылдан бері кәсіпқой бокста промоутерлік жұмыспен айналысып, Қазақстанда бокс кештерін ұйымдастырып жүр.