Грекия БАҚ-тың хабарлауынша, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчқа билеттер үлкен сұранысқа ие.
Ойынға үш күн қалғанда 18 мыңнан астам билет сатылды, бірақ бұл көрсеткіш түпкілікті емес, өйткені билеттер тез сатылып жатыр. Матч аншлагпен аяқталады деп күтілуде, Афинадағы «Айя-София» стадионы 30 мыңнан астам көрерменге арналған.
Айтп кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні сағат 00:45-те басталады. Одан кейін жеңімпаз Еуро-2024 жолдамасы үшін ең мықты Грузия – Люксембург жұбымен ойнайды.
prosports.kz