Қазақстандағы барлық мемлекеттік қызметшінің жалақысына кететін жылдық шығын белгілі болды
Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті. Қазақстандағы шенеуніктердің саны кейінгі жылдары өзгермегенін, ал министрліктердің ұлғаюы – бұл бұрын керісінше біріктірген ведомстволар екенін айтты.
«2014 жылы бізде 21 министрлік болды, біз оларды біріктіріп, 14 министрлікке айналдырдық, оның ішінде комитеттер бар. Кез келген министрлікті алсақ, штаты 50 мың адам. Бұл жұмысқа, шешім қабылдау жылдамдығына әсер етті. Сондықтан оларды қайтадан бөлу туралы шешім қабылданды, бірақ сонымен бірге жаңа министрлік қосымады – саны сол күйі қалды», — деді Такиев.
«Мен бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысы бойынша айта аламын: жылына 1 трлн 32 мың теңге — барлық мемлекеттік қызметшінің жалақысы осы», — деді Тәкиев.