Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік аппараттың еңбекақы қорына бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Барлық мемлекеттік аппараттың жалақысы туралы айта аламын. Бұл сома 1 трлн 32 мың теңгені құрайды. Бұл жыл сайын барлық мемлекеттік қызметшінің жалақысын төлеуге кетеді», — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.