Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп кетті
2023 жылдың 1 қаңтарында 25,3 трлн теңге болса, қазір 27 трлн теңге. Бұл туралы үкіметтегі брифингте қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті. 2023 жылдың аяғында депутат Ерлан Саиров Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ерұлан Жамаубаевқа Қазақстанның мемлекеттік қарызының мөлшеріне байланысты елімізде қаржылық проблемалар басталуы мүмкін екенін айтқан. Сол кездегі қаржы министрі мемлекеттік қарыз мәселесі мемлекеттің ерекше бақылауында деп жауап берген.