Әр жетім балаға 70 мың теңге әлеуметтік көмек беріледі
Шымкентте наурыз мерекесінің қарсаңында жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек беріледі.
Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріліп жатыр, — делінген хабарламада.