20 наурыз сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.
Депутаттар «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетілерді бірінші оқылымда қарайды.
Кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралады.
Сондай-ақ 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан мен Қытай арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жобасы да күн тәртібінде.
Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.