Қазір бүкіл ел ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Самат Әбішке 8 жыл бас бостандығын шектеу туралы және ІІМ-нің экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша шулап жатқанда, одан да қызықты сенсация болып жатыр.
Марат Осипов — Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі бостандыққа шығып үлгерді.
Белгілі болғандай, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары: Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Осипов 2021 жылғы қаңтарда мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырғаны үшін сотталған болатын.
Осы төрт құқық қорғау органының ішінен Марат Осипов ең қысқа мерзімге ие болды, Ол тергеуге белсенді көмектескені үшін жазасын ауыстырған сияқты. Енді бұрынғы чекист мерзімінің көп бөлігін өтегендіктен жазасын айыппұлға (NegeKz) ауыстыру арқылы бостандыққа шықты деседі.