Астана қала тұрғындарын тасымалдау саласына тартып жатқан инвестиция мен салып жатқан қаражат көлемінен әлем елдерінің алдына шықты десек артық айтқандық болмас. Бірінші несие бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың ақпан айында 30,8 млрд тенге негізгі инвестициялық қаражат тартылған. Мұндай қаражат 2018 жылдан бері жұмсалмаған екен. Бұл бұрыңғы тартылған инвестициялық сомалардың жиынтық көрсеткіші де болуы мүмкін. Дегенмен, экономикалық зерттеу институтының деректеріне сүйенсек, өткен жылы жол-құрылысы саласына 421 млрд тенге игерілген. Бұл Алматы қаласында жолдарға жұмсалған қаражаттарға қарағанда үш есеге көп. Қала әкімі Ж.Қасымбек LRT құрылысын аяқтау үшін алдағы уақытта қосымша 250-300 млрдқа жуық қаражат қажет болуы мүмкін деген еді. Қазіргі таңда әкімдік поездар сатып ала бастады және жыл соңына дейін ұзаққа созылған жобаны аяқтауды жоспарлап отыр.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды