Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Абай» алаңында өтіп жатқан халықаралық «Наурыз Фест» фестиваліне барды. Бұл шығармашылық шара Наурыз мейрамын тойлайтын елдердің – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктірді. Шетелдік қонақтар өздерінің декоративті-қолданбалы өнер туындыларын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырып, халық әндерін шырқады. Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған. Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және «Қамшы» атты көрме ұйымдастырылды. Мемлекет басшысына оқушылардың роботты техника саласындағы озық әзірлемелерін көрсететін инновациялық алаң – «Робо-киіз үй» таныстырылды. Бұл жұмысты Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Global Challenge 2023 чемпионатының абсолютті жеңімпаздары Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал, Сергей Гапонов, Нұрсұлтан Жанұзақов, Нұрислам Тұрғынбай әзірлеген.
Трендте
- Жамбыл облысы балама энергия өндірісі бойынша Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты
- «Кәсіпкерді отбасымен бауыздап кеткен»: Петропавлда үш адамға сот үкімі шықты
- Жыл басынан бері автожол саласында 24 қылмыстық іс тіркелді – Антикор
- Астанада 22 жастағы бойжеткенді автобус қағып өлтірді
- Жамбыл облысының бірнеше ауылында 4 жылдан бері қылмыс тіркелмеген: бұған ішімдіктің қатысы қандай?
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты