Қазақстандықтардың бақыт рейтингі түсіп кетті
World Population Review
сайтында бақыт деңгейі бойынша әлем елдерінің жаңа рейтингі жарияланды. Қазақстан 2023 жылмен салыстырғанда бұл тізімде бес позицияға төмендеген. Рейтингті құрастырушылар мемлекеттердегі «бақыт деңгейін» алты негізгі шарт бойынша бағалайды: жан басына шаққандағы ЖІӨ; әлеуметтік қолдау сапасы; өмір сүру ұзақтығы; қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі; өмірлік таңдау және өз ойын білдіру еркіндігі; халықтың жомарттық пен мейірімділік танытуға дайындығы. 2024 жылы Қазақстан тізімде шартты көрсеткіші 6,19 ұпаймен 49-орынға ие болып, былтырмен салыстырғанда бес позицияға төмендеп отыр. Таяу елдер ішінде бақыт деңгейінен еліміз Өзбекстаннан (47-орын) қалыс қалды.